Әр қауымда ақсақалдар кеңесі бар. Оларға қауымға жетекшілік ету ісі тапсырылған. 20 шақты қауымнан бір аудан құралады. Аудандық бақылаушылар деген атаумен белгілі ақсақалдар жүйелі түрде қауымдарға арнайы сапармен келіп тұрады.

Сондай-ақ Басқарушы кеңестен Киелі кітапқа негізделген басшылықтар мен нұсқаулар беріліп тұрады. Басқарушы кеңес ұзақ жылдардан бері Куәгер болып табылатын әрі қазіргі уақытта Ехоба куәгерлерінің Уорвиктегі (Нью-Йорк) дүниежүзілік бас басқармасында қызмет ететін мәсіхшілерден құралған (Елшілердің істері 15:23—29; Тімөтеге 1-хат 3:1—7).