Түрлі Киелі кітаптардан байқайтынымыздай, Құдайдың есімі бар. Кей аудармаларда ол “Ехоба” деп, ал өзге бірінде “Яһуә” деп кездеседі (Мысырдан шығу 15:3, сілтемені қараңыз). Куәгер дегеніміз — белгілі бір көзқарасты не шындықты растайтын яки хабарлайтын адам.

Сондықтан “Ехоба куәгерлері” деген атау бізді бүкіл Әлемді жаратқан Ехоба Құдай туралы шындықты жариялайтын мәсіхшілер тобы ретінде таныстырады (Аян 4:11). Біз өмір салтымыз арқылы және Киелі кітаптан білгендерімізді айту арқылы өзгелерге куәлік етеміз (Ишая 43:10—12; Петірдің 1-хаты 2:12).