Мазмұнға өту

Ехоба куәгерлері

Тілді таңдау қазақ

Қайғы-қасірет болмайтын кез келе ме?

Қайғы-қасірет болмайтын кез келе ме?

Сіздің ойыңызша . . .

  • иә

  • жоқ

  • мүмкін

 КИЕЛІ КІТАПТА БҰЛ ЖАЙЛЫ НЕ ДЕЛІНГЕН?

“Құдай олардың көздеріндегі әрбір жасты сүртіп тастайды, енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды” (Аян 21:4).

МҰНЫ БІЛУДІҢ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?

Басыңызға түскен қиындықтардың Құдайдан емес екеніне сенімді боласыз (Жақып 1:13).

Қиналған сәттерде Құдайдың сізге жаны ашитынын білгеніңіз жұбаныш береді (Зәкәрия 2:8).

Қайғы-қасірет болмайтын кезді көруге үмітіңіз болады (Забур 36:9—11).

 КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ БҰЛ СӨЗДЕРГЕ СЕНУГЕ БОЛА МА?

Иә, бұған кемінде екі себеп бар:

  • Құдай қайғы-қасірет пен әділетсіздіктің болғанын қаламайды. Ежелде өзіне мінажат еткен халқы жауларынан қатты жапа шегіп қиналғанда, Ехоба Құдайдың “оларға жаны ашыған” (Билер 2:18).

    Құдай өзгелерге зорлық көрсететіндерді жек көреді. Мысалы, Киелі кітапта “жазықсыз қан төгетін қолды” оның жаны жаратпайтыны айтылған (Нақыл сөздер 6:16, 17).

  • Құдай әрбір адамның қамын ойлайды. Басына түскен қасіреті мен қайғысын әркім өзі ғана сезінбейді. Көктегі Жаратушымыз да әрбір адамның қайғысына ортақтасады, өйткені ол “адам жүрегінде не бар екенін жақсы біледі” (Шежірелер 2-жазба 6:29, 30).

    Өзінің көктегі Патшалығы, яғни үкіметі, арқылы Ехоба Құдай жуырда барлық адамның қиындығын шешіп береді (Матай 6:9, 10). Қазірдің өзінде Құдай өзін іздеген ақжүрек адамдарға мейірімін көрсетіп, жұбаныш беріп жатыр (Елшілердің істері 17:27; Қорынттықтарға 2-хат 1:4).

 МЫНА ЖАЙЛЫ ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗШІ:

Неге Құдай қайғы-қасіреттің болуына жол беріп отыр?

Мұның жауабын Киелі кітаптың келесі тармақтарынан таба аласыз: РИМДІКТЕРГЕ 5:12 және ПЕТІРДІҢ 2-ХАТЫ 3:9.