Сіздің ойыңызша...

  • махаббат

  • ақша

  • басқа нәрсе

 КИЕЛІ КІТАПТА БҰЛ ЖАЙЛЫ НЕ ДЕЛІНГЕН?

“Құдай сөзін естіп, оны орындайтындар бақытты!” (Лұқа 11:28).

МҰНЫ БІЛУДІҢ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?

Шын сүйіспеншілік танытуды үйренесіз (Ефестіктерге 5:28, 29).

Жарыңызды терең құрметтеуден қуаныш аласыз (Ефестіктерге 5:33).

Отбасында береке-бірлік болады (Марқа 10:6—9).

 КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ БҰЛ СӨЗДЕРГЕ СЕНУГЕ БОЛА МА?

Иә, бұған кемінде екі себеп бар:

  • Отбасы атаулыға бастау берген — Жаратушы Құдай. Киелі кітапта: “Әрбір отбасы Құдайдың арқасында пайда болды”,— делінген (Ефестіктерге 3:14, 15). Демек, отбасы атаулыға Жаратушымыз Ехоба Құдайдың өзі бастау берген. Мұны білгеніміз неліктен маңызды?

    Мысалы, сізге бір дәмді тағам ұнап, оны өзіңіз жасап көргіңіз келді делік. Мұндайда тағамды қалай дайындау керектігін кімнен сұрар едіңіз? Әрине, сол тағамды жасаған адамнан.

    Сол сияқты отбасы өмірін бақытты ету үшін, отбасы атаулыға бастау берген Ехоба Құдайдың өзінен көмек іздегеніміз дұрыс болмас па еді? (Жаратылыс 2:18—24).

  • Құдай сіздің қамыңызды ойлайды. Отбасы мүшелері Құдайдың Киелі кітап арқылы беретін кеңестеріне құлақ асу керек. Неге? Өйткені Киелі кітапта: “Ол қамдарыңды ойлайды”,— деп айтылған (Петірдің 1-хаты 5:6, 7). Иә, Ехоба Құдай сіздің қамыңызды ойлайды және оның кеңестері әрдайым пайдалы! (Нақыл сөздер 3:5, 6; Ишая 48:17, 18).

МЫНА ЖАЙЛЫ ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗШІ:

Жақсы күйеу, әйел және ата-ана болу үшін не істеу қажет?

Мұның жауабын Киелі кітаптың келесі тармақтарынан таба аласыз: МАТАЙ 22:39 және ҚОЛОСТЫҚТАРҒА 3:18—21.