Құдай біздің жұмақ орнаған жерде мәңгі бақи бақытты әрі бейбіт өмір сүргенімізді қалайды!

Бәлкім, сіз: “Бұлай болуы мүмкін бе?”— дерсіз. Киелі кітапта мұны Құдай Патшалығы жүзеге асыратыны айтылған. Құдай барлық адамдардың осы Патшалық жайлы және өзінің бізге қатысты еркі туралы білім алғанын қалайды (Зәбүр 37:11, 29; Ишая 9:7).

Құдай біздің игілігімізді ойлайды.

Сүйіспеншілігі мол әкенің балаларына тек жақсылықты тілейтіні сияқты, көктегі Әкеміз де біздің мәңгі бақи бақытты болғанымызды қалайды (Ишая 48:17, 18). Құдай өзінің “еркін орындаушы мәңгі өмір сүреді” деп уәде етеді (Жоханның 1-хаты 2:17).

Құдай біздің өзі көрсеткен жолмен жүргенімізді қалайды.

Киелі кітапта Жаратушымыздың бізді “өз жолдарына үйрететіні” айтылған (Ишая 2:2, 3). Ол ниетін бүкіл жержүзіне паш ету үшін “өз атымен аталатын халықты” жинады (Елшілердің істері 15:14).

Құдай біздің бірлікте ғибадат еткенімізді қалайды.

Ехобаға деген таза ғибадат адамдарды жікке бөлмейді. Қайта, бәрін шынайы сүйіспеншілікпен біріктіреді (Жохан 13:35). Бүгінде кім жердің түкпір-түкпіріне дейін барып, адамдарды Құдайға бірлікте қызмет етуге үйретіп жатыр? Мұның жауабын осы кітапшадан оқып білуге шақырамыз.