Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ехоба куәгерлері

Тілді таңдау қазақ

 24-САБАҚ

Біздің дүниежүзілік ісіміз қалай қаржыландырылады?

Біздің дүниежүзілік ісіміз қалай қаржыландырылады?

Непал

Того

Ұлыбритания

Біздің ұйымымыз жыл сайын Киелі кітап пен басқа да әдебиеттердің миллиондаған данасын басып шығарып, тегін таратады. Сондай-ақ Патшалық сарайлары мен Бетел ғимараттарын соғады әрі оларды жөндеп тұрады. Бұған қоса, мыңдаған бетелдік пен миссионердің қажеттілігін қамтамасыз етеді және апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетеді. Бәлкім, сіз: “Бұның бәрі қалай қаржыландырылады?”— деп, таңғалатын шығарсыз.

Біз ақша, жарна не табыстың оннан бір бөлігін жинамаймыз. Уағыз ісін қолдау үшін көп қаржы қажет болғанмен, біз бұл үшін өзгелерден ақша сұрамаймыз. Осыдан жүз жылдан аса уақыт бұрын шыққан “Күзет мұнарасының” екінші санында біздің Ехобаға арқа сүйейтініміз және “ешқашан адам баласынан жалынып ақша сұрамайтынымыз” айтылған еді. Осы күнге дейін бұл солай болып келеді де! (Матай 10:8).

Біздің ісіміз ерікті садақаның арқасында атқарылады. Көп адам біздің Киелі кітаптық ағарту ісімізді бағалайды әрі сол үшін даярлықпен садақа береді. Куәгерлердің өздері де Құдай еркін дүниежүзі бойынша атқару үшін уақыттарын, күштерін, қаражаттары мен басқа да нәрселерін зор қуанышпен жұмсайды (Шежірелер 1-жазба 29:9). Патшалық сарайында және конгрестерде садақа салуға арналған жәшіктер болады. Ерікті садақа бергісі келетіндер ақшаларын соған салады. Я болмаса біздің ресми сайтымыз jw.org арқылы садақа жасауға болады. Садақа берушілердің көбісі бай емес. Олардың салған азын-аулақ ақшасын кезінде Исаның мақтауына ие болған бейшара жесір әйелдің садақасымен салыстыруға болады. Ол әйел ғибадатхананың қазына ыдысына екі-ақ тиын салған еді (Лұқа 21:1—4). Расында да, әр адам “жүрек шешіміне қарай” “қолда бар қаражатынан” жүйелі түрде садақа беріп тұра алады (Қорынттықтарға 1-хат 16:2; Қорынттықтарға 2-хат 9:7).

Ехобаны “құнды нәрселерімен құрметтегісі” келетіндерді ол әрі қарай да солай ете беруге талпындыратынына сенімдіміз. Осының арқасында Патшалық ісі алға басып, Ехобаның еркі жер бетінде толық орындалмақ (Нақыл сөздер 3:9).

  • Біздің ұйымымыз өзге діндерден несімен ерекшеленеді?

  • Ерікті садақа нендей нәрселерге жұмсалады?