Сіздің ойыңызша . . .

  • Құдай ма?

  • адамдар ма?

  • басқа біреу ме?

 КИЕЛІ КІТАПТА БҰЛ ЖАЙЛЫ НЕ ДЕЛІНГЕН?

“Бүкіл дүние Шайтанның билігінде” (Жоханның 1-хаты 5:19).

“Құдай жуырда Шайтанды аяқтарыңның астына салып жаныштайды” (Римдіктерге 16:20).

МҰНЫ БІЛУДІҢ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?

Дүниедегі қиындықтардың не себептен болып жатқанын түсінесіз (Аян 12:12).

Дүниедегі жағдайдың жақсаратынына сенімді боласыз (Жоханның 1-хаты 2:17).

 КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ БҰЛ СӨЗДЕРГЕ СЕНУГЕ БОЛА МА?

Иә, бұған кемінде үш себеп бар:

  • Шайтанның дәурені бітуге таяу. Жаратушымыз Ехоба Құдай адамзатқа үстемдік етіп отырған Шайтанның билігін тоқтатпақ. Ол Шайтанды құртып, оның әкелген барлық зардабының орнын толтыруды уәде етеді (Еврейлерге 2:14).

  • Құдай Иса пайғамбарды дүниенің билеушісі болуға таңдады. Иса дүниенің қазіргі зұлым, өзімшіл билеушісі Шайтанға мүлдем ұқсамайды. Исаның қалай билік ететініне қатысты Құдай былай деп уәде еткен: “Ол әлсіз бен кедейді қамқорлайды... Әрі зорлық-зомбылықтан қорғайды” (Забур 71:13, 14).

  • Құдай өтірік айтпайды. Киелі кітапта “Құдайдың өтірік айтуы мүмкін емес” екені айтылған (Еврейлерге 6:18). Құдай бір нәрсені уәде етсе, бұл орындалып қойғанмен тең! (Ишая 55:10, 11). Демек, осы дүниенің билеушісі Шайтан міндетті түрде қуылады (Жохан 12:31).

МЫНА ЖАЙЛЫ ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗШІ:

Дүниенің қазіргі билеушісі жойылғанда, жағдайымыз қандай болмақ?

Мұның жауабын Киелі кітаптың келесі тармақтарынан таба аласыз: ЗАБУР 36:10, 11 және АЯН 21:3, 4.