Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ехоба куәгерлері

Тілді таңдау қазақ

Қорынттықтарға 2-хат 2:1—17

2  Келесі жолы барғанымда, сендерді ренжітпейін дедім.  Себебі сендерді ренжітсем, өзім ренжіткен сендерден басқа мені кім қуантпақ?  Бұның алдында жазғандарымды өздеріңе келгенде, мені қуантудың орнына ренжітіп жүрмеулерің үшін жаздым. Өйткені мені қуантатын нәрсе сендерді де қуантатынына сенімдімін.  Оны қатты қиналып, жүрегім ауырып, көзіме жас ала отырып жаздым. Ондағы мақсатым — сендерді ренжіту емес, қайта, қаншалықты сүйетінімді ұғындыру болды.  Егер біреу реніш тудырған болса, ол мені емес, ашық айтқаным үшін кешіріңдер, қандай да бір шамада бәріңді ренжітті.  Мұндай адамның көпшіліктен алған жазасы жеткілікті.  Қайғыға тым қатты батпау үшін, енді оны мейіріммен кешіріп, жұбатқандарың дұрыс.  Сондықтан оны сүйетіндеріңді көрсетуге шақырамын.  Айтқандарымның бәріне құлақ асар ма екенсіңдер — соны білейін деп, осы хатты жаздым. 10  Сендер біреудің айыбын кешірсеңдер, оны мен де кешіремін. Ал мен қандай да бір қателікті кешірсем, сендердің игіліктерің үшін Мәсіхтің алдында кешіремін. 11  Шайтан бізден амалын асырмау үшін осылай істеймін, себебі біз оның айла-амалдарын жақсы білеміз. 12  Мәсіх туралы ізгі хабарды жариялау үшін Трояға келгенімде, Иеміздің ісін атқарудың мүмкіндігі туды. 13  Бауырласым Титті таба алмағандықтан мазам кетіп, ондағы бауырластармен қоштастым да, Македонияға жол тарттым. 14  Бізді үнемі Мәсіхпен бірге жеңістің салтанатты шеруінде бастап жүретін және өзі туралы білімнің хош иісін біз арқылы барлық жерге таратып жатқан Құдайға алғыс айтылсын! 15  Себебі құтқарылатындар мен жойылатындарға Мәсіх туралы жариялағанда, Құдай үшін біз хош иіспіз. 16  Ал жойылатындар үшін өлімге апаратын өлім иісіміз, құтқарылатындар үшін болса өмірге апаратын өмір иісіміз. Бұл қызметті атқаруға кім жарамды? 17  Біз жарамдымыз. Өйткені көптеген өзге адамдар іспетті, Құдай сөзінің саудагерлері емеспіз. Қайта, Мәсіхтің шәкірттері әрі Құдай жібергендер ретінде Құдай алдында шынайылықпен сөйлейміз.

Сілтемелер