Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ехоба куәгерлері

Тілді таңдау қазақ

Қорынттықтарға 1-хат 8:1—13

8  Пұттарға бағышталған тағамдарға тоқталсам, бұған қатысты бәріміздің де біліміміз бар. Білім менмен етеді, ал сүйіспеншілік рухани нығайтады.  Біреу бірдеңені білемін деп ойлағанымен, оны әлі тиісті деңгейде білмейді.  Ал кім Құдайды сүйсе, Құдай сол адамды біледі.  Пұттарға бағышталған тағамдарды жеуге келсек, пұттың түкке тұрғысыз екенін және тек жалғыз Құдай бар екенін білеміз.  Көптеген “құдайлар” мен “иелер” бар болғандай, көкте де, жерде де “құдай” деп аталатындар бар.  Алайда біз үшін жалғыз Құдай Әке бар. Бәрі содан бастау алған, әрі біз де ол үшін өмір сүрудеміз. Сондай-ақ жалғыз Иеміз бар. Ол — Иса Мәсіх. Құдай барлығын сол арқылы жаратты, біз де сол арқылы өмір сүрудеміз.  Бірақ бәрінде бірдей мұндай білім жоқ. Кезінде пұтқа табынғандықтан кейбіреулер тағамды жегенде, оны пұтқа бағышталған деп қабылдайды. Осылай әлсіз ар-ұждандары арамдалады.  Алайда тамақ бізді Құдайға жақындатпайды: жемесек, ештеңе жоғалтпаймыз, жесек, ештеңеге ие болмаймыз.  Бірақ абайлаңдар, таңдау еркіндіктерің әлсіздерді сүріндіріп жүрмесін. 10  Ар-ұжданы әлсіз біреу білімі бар сенің пұтқа табынатын ғибадатханада дастарқан басында жантайып жатқаныңды көрсе, бұл оған пұтқа бағышталған тағамдарды жеуге батылдық бермей ме? 11  Осылай сенің білімің Мәсіх өмірін қиған бауырласыңның сеніміне нұқсан келтіріп жатыр. 12  Олай болса, өз бауырластарыңа қарсы күнә жасап, әлсіз ар-ұждандарын жарақаттауларыңмен Мәсіхке қарсы күнә жасап жатырсыңдар. 13  Сондықтан жейтін тамағым бауырласымды сүріндірсе, оны сүріндірмеу үшін бұдан былай ешқашан ет жемеймін.

Сілтемелер