Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ехоба куәгерлері

Тілді таңдау қазақ

Қорынттықтарға 1-хат 3:1—23

3  Сол себепті, бауырластар, мен сендермен рухани көзқарастағы адамдармен сөйлескендей сөйлесе алмай, тәндік көзқарастағылар, яғни Мәсіх жолындағы нәресте іспетті адамдармен сөйлескендей сөйлестім.  Мен сендерге қатты тағам емес, сүт бердім, өйткені қатты тағам жеуге дайын емес едіңдер. Сендер әлі де дайын емессіңдер,  себебі әлі де тәндік көзқарастасыңдар. Араларыңда қызғаныш пен талас-тартыстың болуы тәндік көзқарастағы осы дүниеліктер сияқты әрекет ететіндеріңді көрсетпей ме?  Біреуің “мен Пауылдың шәкіртімін”, тағы біреуің “мен Аполлостікімін” деп жүрсеңдер, осы дүниелік адамдар іспетті болғандарың ғой!  Аполлос кім? Ал Пауыл кім? Олар небәрі Иеміз тапсырған жұмысты атқарып, сендерге сенуші болуға көмектескен қызметшілер ғой.  Мен ектім, Аполлос суарды, ал өсіріп жатқан — Құдай.  Сондықтан еккен де, суарған да емес, өсіріп отырған Құдай мадақталсын.  Ендеше егуші мен суарушының мақсаты бір, бірақ әрқайсысы еңбегіне қарай өз сыйын алады.  Себебі біз Құдаймен қызметтеспіз. Сендер — Құдайдың өңдеп жатқан егіндігісіңдер, Құдайдың құрылысысыңдар. 10  Құдайдың рақымының арқасында шебер құрылысшы ретінде мен іргетасын салдым, ал басқа біреу соның үстіне тұрғызып жатыр. Бірақ әркім қалай соғып жатқанына мұқият болсын. 11  Өйткені ешкім салынғаннан өзге іргетас сала алмайды. Ал салынған іргетас — Иса Мәсіх. 12  Кімнің осы іргетасқа алтын, күміс, бағалы тастардан, ал кімнің ағаш, шөп, сабаннан салғаны 13  сынақ күні көрінеді. Себебі олардың еңбегін от сынап, әрқайсысының жұмысы қандай болғанын анық көрсетеді. 14  Кімнің осы іргетасқа салғаны өртенбей аман қалса, сол сый алады. 15  Ал кімдікі өртеніп кетсе, сол шығынға ұшырайды. Өзі аман қалғанмен, оттан өткендей болады. 16  Әлде өздеріңнің Құдайдың ғибадатханасы екендеріңді әрі оның рухы араларыңда мекендейтінін білмеуші ме едіңдер? 17  Кім Құдайдың ғибадатханасын жойса, соны Құдай жоймақ. Себебі Құдайдың ғибадатханасы киелі, әрі ол — сендерсіңдер. 18  Ешкім өз-өзін алдамасын: осы дүниеліктердің арасында өзін данамын деп есептейтін адам шынымен дана болу үшін ақымақ болсын. 19  Өйткені осы дүниенің даналығы — Құдайдың көз алдында ақымақтық. Бұл жайында: “Ол данышпандарды өз қулықтарынан ұстайды”,— деп жазылған. 20  Тағы былай делінген: “Ехоба данышпандардың ой-пікірлерінің бекер екенін біледі”. 21  Сондықтан ешкім адаммен мақтанбасын. Себебі бәрі де сендердікі. 22  Иә, Пауыл да, Аполлос пен Кефа да, бүкіл дүние де, өмір мен өлім де, қазіргі мен болашақ та — бәрі сендердікі. 23  Ал сендер Мәсіхтікісіңдер, Мәсіх болса Құдайдікі.

Сілтемелер