Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ехоба куәгерлері

Тілді таңдау қазақ

Қорынттықтарға 1-хат 2:1—16

2  Бауырластар, мен сендерге сөзіммен, даналығыммен әсер қалдыру үшін емес, Құдайдың қасиетті құпиясын жариялау үшін келдім.  Өйткені назарларыңды тек Иса Мәсіхке және оның бағанаға ілінгеніне аударуға бел будым.  Мен өздеріңе күш-қуатсыз, қатты жүрексініп, қалтырап келдім.  Сөздерім мен уағызымды адамды сендіретіндей даналықпен емес, Құдайдың рухы мен құдіреті көрінетіндей етіп айттым.  Осылайша сенімдерің адамның даналығына емес, Құдайдың құдіретіне негізделсе екен дедім.  Біз даналық жөнінде рухани толысқандардың арасында айтып жүрміз. Бірақ бұл — осы заманның да, оның құрып жоқ болатын билеушілерінің де даналығы емес.  Қайта, қасиетті құпия арқылы көрінген Құдайдың даналығы, яғни жасырын даналық, туралы айтып жүрміз. Құдай оны біз ұлылыққа ие болу үшін замандар* бұрын ойластырып қойған болатын.  Бұл даналықты осы заманның ешбір билеушісі түсінбеді, егер түсінсе, ұлы Иемізді бағанаға ілмес еді.  Себебі Жазбада былай делінген: “Құдай өзін сүйетіндерге көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген нәрселерді дайындап қойған”. 10  Бұны Құдай бізге өз рухы арқылы ашты. Өйткені рух барлығын, тіпті Құдайдың терең даналығын да зерттейді. 11  Адамның ойларын өзінен* басқа білетін біреу бар ма? Сол сияқты, Құдайдың ойларын өз рухынан басқа ешкім де білмейді. 12  Ал біз осы дүниенің рухын емес, Құдайдан келген рухты қабылдадық. Осының арқасында Құдайдың бізге тарту еткендерін түсіне аламыз. 13  Осылар туралы айтып та жүрміз, әрі мұны адам баласының даналығымен емес, киелі рух үйреткен сөздермен жеткіземіз. Осылайша рухани нәрселерді рухани сөздермен түсіндіреміз. 14  Бірақ тәндік көзқарастағы адам Құдай рухы ашқан нәрселерді қабылдамайды, себебі ақымақтық деп есептейді, танып біле де алмайды, өйткені бұларға баға беру үшін Құдай рухы қажет. 15  Ал рухани көзқарастағы адам барлығына баға бере алады, бірақ басқалар бұндай адамға баға бере алмайды. 16  “Ехобаға нұсқау беретіндей, оның ой-санасын кім танып білген?” Ал бізде Мәсіхтің ой-санасы бар.

Сілтемелер

Немесе “қоғамдық құрылымдардан”.
Сөзбе-сөз “рухынан”.