Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ехоба куәгерлері

Тілді таңдау қазақ

Қорынттықтарға 1-хат 16:1—24

16  Қасиеттілерге арнап ақша жинауға қатысты айтар болсам, сендер де Ғалатиядағы қауымдарға берген нұсқауларыма сай әрекет етіңдер.  Мен барғанда жинап жатпауларың үшін, әр аптаның бірінші күні қолда бар қаражаттарыңнан бөліп, жинап жүріңдер.  Сендерге барғанымда, ізгі сыйларыңды хаттарыңда ұсынған кісілер арқылы Иерусалимге жөнелтемін.  Ал менің де барғаным жөн болса, онда бірге барармыз.  Сендерге Македониядан соң келемін, өйткені сол өлке арқылы жүрмекпін.  Ал сендерде біраз уақыт болуым, тіпті қыстап та қалуым мүмкін. Сосын, баратын жағыма шығарып саларсыңдар.  Сендермен жолай көріскім келмейді, себебі Ехоба жол берсе, өздеріңмен біраз уақыт болсам деп үміттенемін.  Ефесте Елуінші күн мейрамына дейін боламын.  Өйткені мен үшін қызмет етудің керемет мүмкіндігі туды*, бірақ қарсыластар да аз емес. 10  Ал Тімөте барса, араларыңда қорықпай жүретін болсын, себебі ол да мен сияқты Ехобаның ісін атқаруда. 11  Сондықтан оны ешкім менсінбей жүрмесін. Сосын, маған қайтып келуі үшін, аман-есен жолға шығарып салыңдар, мен оны бауырластармен бірге күтіп отырмын. 12  Ал бауырласымыз Аполлостан бауырластармен бірге сендерге баруын қатты өтіндім, бірақ қазір барғысы келген жоқ. Алайда мүмкіндігі болғанда барады. 13  Сергек болыңдар, сенімдеріңнен мызғымаңдар, ержүрек* әрі берік болыңдар. 14  Бәрін сүйіспеншілікпен істеңдер. 15  Степанның үй іші Ахаядағы алғашқы шәкірттер екенін әрі өздерін қасиеттілерге қызмет етуге арнағанын білесіңдер. Сондықтан, бауырластар, өтінемін: 16  сендер де осындай адамдарға және аянбай еңбек етіп, қызметтесіп жүргендердің бәріне бағыныңдар. 17  Степан, Фортунат пен Ахайықтың осында екеніне қуанамын, өйткені олар сендердің орындарыңды жоқтатпады. 18  Олар менің де, сендердің де көңілдеріңді сергітті. Сондықтан мұндай адамдарды бағалаңдар. 19  Азиядағы* қауымдар өздеріңе сәлем жолдауда. Ақила мен Приска*, олардың үйінде жиналатын қауым да ыстық мәсіхшілік сәлемін жолдайды. 20  Барлық бауырластар сәлем айтуда. Бір-біріңді бауырластық сүйіспеншілікпен сүйіп амандасыңдар. 21  Мен, Пауыл, бұл сәлемімді өз қолыммен жазып отырмын. 22  Иемізді сүймейтін әркімді қарғыс атсын! Уа, Иеміз, келе көр! 23  Иеміз Иса сендерге рақымын жаудырсын! 24  Менің сүйіспеншілігім Мәсіх Исамен байланыстағы бәріңмен бірге болсын!

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “қызмет етуге үлкен есік ашылды”.
Сөзбе-сөз “ер адамдардай әрекет етіңдер”.
Е.і 2:9-дың сілтемесін қараңыз.
Немесе “Прискила”.