Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ехоба куәгерлері

Тілді таңдау қазақ

Ғалаттықтарға 6:1—18

6  Бауырластар, егер біреу өзі аңдамай шалыс қадам жасап жатса, рухани толысқан сендер мұндай адамды жұмсақтықпен түзетіңдер. Бірақ өздерің де азғырылып қалмау үшін, мұны әрқайсысың өздеріңе сақ бола отырып істеңдер.  Біріңнің ауыртпалығыңды екіншің көтерісіңдер, осылай Мәсіхтің заңын орындаңдар.  Кім шын мәнінде ешкім емес бола тұра, өзі туралы жоғары ойда болса, өз-өзін алдайды.  Әркім өз іс-әрекетін тексерсін, сонда өзін басқалармен салыстырмай, өз істерін ғана мақтан ете алады.  Себебі әркім өз жүгін өзі көтереді.  Бұған қоса, Құдай сөзінен ауызша тәлім алған әркім бар игілігімен өзіне осындай тәлім берген адаммен бөліссін.  Алданбаңдар! Құдай өзін мазақтатып қоймайды. Адам не ексе, соны орады:  тән құмарлығын ойлап сепкен адам содан туатын өлімді орады*. Ал Құдай рухын ойлап сепкен адам сол рух беретін мәңгілік өмірді орады.  Жақсылық жасаудан еш талмайық. Себебі шаршап қалмасақ, өз уақытында оның өнімін орамыз. 10  Олай болса, мүмкіндік барда бәріне, әсіресе сенімі бір бауырластарға, жақсылық жасай берейік. 11  Қараңдаршы, сендерге өз қолыммен, үлкен әріптермен жазып отырмын. 12  Адамдарға жаққысы келетіндер сендерді сүндеттелуге мәжбүрлеуде. Олар мұны Мәсіх Исаның азап бағанасы үшін қудаланғысы келмегендіктен істейді. 13  Сүндеттелетіндердің өзі Мұса заңын ұстанбайды, бірақ сендердің сүндеттелгендеріңе мақтана алулары үшін, осы рәсімді жасағандарыңды қалайды. 14  Ал мен Иеміз Иса Мәсіхтің азап бағанасынан басқа ештеңеге мақтанғым келмейді. Мәсіх арқылы осы дүние мен үшін, ал мен осы дүние үшін бағанаға іліндім. 15  Өйткені маңыздысы — сүндеттелу не сүндеттелмеу емес, жаңа жаратылыс болу. 16  Осы ережеге сай өмір сүретіндердің бәріне, яғни Құдайдың Исраиліне, тыныштық болып, мейірімділік жаусын! 17  Бұдан былай маған ешкім қиыншылық тудырмасын, өйткені денемде Мәсіхтің құлы екенімді көрсететін таңбалар бар. 18  Бауырластар, танытып жатқан жақсы рухтарың үшін Иеміз Иса Мәсіх рақымын жаудырсын!

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “шіритін нәрсені орады”.