Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ехоба куәгерлері

Тілді таңдау қазақ

Філіпіліктерге 4:1—23

4  Сонымен, бауырластарым, сендерді жақсы көремін, сағынып та жүрмін. Менің қуанышым әрі тәжім сендерсіңдер. Қымбаттыларым, жаңа ғана айтып кеткенімдей, Иемізбен байланыстарыңда берік тұрыңдар!  Еуодияны да, Синтихені де Иеміздің жолында жүргендер ретінде бір ойда болуға шақырамын.  Иә, өзімнің адал серіктесім ретінде сенен де өтінемін: сол әйелдерге көмектесші. Олар Клемес және есімдері өмір кітабына жазылған басқа да қызметтестеріммен қосыла, менімен бірге ізгі хабар үшін иық тіресе күресті.  Әрдайым Иемізге қуаныңдар! Тағы да айтамын, қуаныңдар!  Сендердің есті* екендеріңді жұрттың бәрі көретін болсын. Иеміз жақын.  Еш нәрсені уайымдамаңдар, барлық өтініштеріңді дұға етіп, жалбарынып, ризашылықпен Құдайға білдіріңдер.  Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан тыныштығы жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Иса арқылы сақтайды.  Сонымен, бауырластарым, күллі шынайы да көңіл қоюға лайық, әділ де таза, сүйіспеншілік оятатын, жылы лебіз айтылатын, игі әрі мақтауға тұратын нәрселер жөнінде үнемі ойланыңдар.  Менен нені үйреніп, нені қабылдасаңдар, нені естіп, нені көрсеңдер — соны іске асыра беріңдер. Сонда тыныштықтың Құдайы сендерге жар болады. 10  Тағы да менің қамымды ойлай бастағандарыңа Иеміздің қызметшісі ретінде қатты қуанамын. Сендер бұрын да менің игілігімді ойлағансыңдар, бірақ мұны көрсетуге мүмкіндіктерің болмады. 11  Бұны мұқтаждық көргендіктен айтып тұрған жоқпын, мен қандай жағдайда болмайын қолда барға қанағат етуді үйрендім. 12  Мен жоқшылықта да, молшылықта да өмір сүрудің не екенін білемін. Барлық жағынан әрі барлық жағдайда тоқ жүрудің не аш жүрудің, молшылықта не мұқтаждық көріп өмір сүрудің құпиясын біліп алдым. 13  Себебі маған күш-қуат берушінің арқасында бәрін де істей аламын. 14  Сөйтсе де қиын шақта маған көмектесіп, жақсы істедіңдер. 15  Філіпіліктер, мынаны да білесіңдер: сендер ізгі хабарды алғаш естігеннен кейін, мен Македония өлкесінен кеткенімде, сендерден басқа ешбір қауым маған көмектеспеді, көмегімді де қабылдамады. 16  Салоникада болған кезімде де сендер маған екі рет қажетімді жібердіңдер. 17  Жоқ, сендерден сый-тарту дәметіп отырған жоқпын, қайта, игі істерің көбейіп, өздеріңе молынан пайда түсіргендеріңді қалаймын. 18  Менде керегімнің бәрі бар, тіпті жетіп артылады. Енді ештеңеге мұқтаж емеспін, өйткені Епафродит арқылы жібергендеріңді алдым. Олар хош иісті, Құдайға ұнамды әрі жағымды құрбандық іспетті. 19  Ал зор байлықтың иесі — менің Құдайым болса Мәсіх Иса арқылы сендердің қажеттеріңнің бәрін толықтай қамтамасыз етеді. 20  Құдай Әкеміз мәңгі бақи даңқтала берсін. Аумин. 21  Мәсіх Исамен байланыстағы қасиеттілердің бәріне менен сәлем айтыңдар. Қасымдағы бауырластар да сендерге сәлем жолдауда. 22  Барлық қасиеттілер, әсіресе патша* сарайындағылар, сәлем айтып жатыр. 23  Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы жақсы рух танытып жүрген сендермен бола берсін!

Сілтемелер

Немесе “иліккіш, бейімделгіш”.
Сөзбе-сөз “цезарь”.