Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ехоба куәгерлері

Тілді таңдау қазақ

Тімөтеге 1-хат 2:1—15

2  Ең алдымен, сендерді барлық адамдар үшін жалбарынуға, дұға етуге, өтініш білдіруге және алғыс айтуға шақырамын.  Сондай-ақ бұдан былай да Құдайға шын беріліп, салиқалы болып, тыныш та бейбіт өмір сүруіміз үшін патшалар мен жоғары дәрежелі адамдар үшін де дұға етіңдер.  Бұл Құтқарушымыз Құдайдың көз алдында игілікті әрі ұнамды.  Ол әртүрлі адамдардың құтқарылғанын және шындық жайлы тура білім алғанын қалайды.  Өйткені Құдай біреу, Құдай мен адамдар арасындағы келістіруші де біреу. Ол — Мәсіх Иса. Осы кісі  бүкіл адамзат үшін өз өмірін төлем* ретінде берді. Бұл туралы өз уақытында куәлік етілетін болады.  Өтірік емес, шын айтамын, мен осы жөнінде куәлік ету үшін уағыздаушы әрі елші, яғни басқа ұлттарға сенім мен шындық жайлы тәлім беруші болып тағайындалдым.  Сондықтан бас қосқан жерлердің бәрінде ер кісілердің ашу-ыза мен дау-дамайға берілмей, Құдайға деген адалдықпен қолдарын көтеріп, дұға еткенін қалаймын.  Ал әйелдердің әрленіп-сәнденгенде, шаштарын ерекшелеп өріп, алтын мен маржан тағып не өте қымбат киім кигенін емес, қарапайым да есті болып, жарасымды киінгенін қалаймын. 10  Оларды игі істері көркейтсін. Бұл Құдайға шын берілгенмін дейтін әйелдерге лайық. 11  Әйел баласы толықтай бағынып, үнсіз тәлім алсын. 12  Оның тәлім беруіне, ер адамға билік етуіне жол бермеймін, ол үнсіз отырсын. 13  Себебі алдымен Адам ата, содан кейін Хауа ана жаратылған. 14  Сондай-ақ алданған Адам ата емес, қайта, Хауа ана қатты алданып, күнәға батты. 15  Бірақ әйел естілігімен қатар, сенімі, сүйіспеншілігі мен қасиеттілігінен қол үзбесе, бала тапқаны оны аман сақтайды.

Сілтемелер

Бұл жоғалтылған нәрсеге сай келетін құнға нұсқайды.