Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ехоба куәгерлері

Тілді таңдау қазақ

Салоникалықтарға 2-хат 2:1—17

2  Ал Иеміз Иса Мәсіхтің осында болатын* кезіне және біздің онымен бірге болу үшін жиналатынымызға қатысты, бауырластар, сендерден мынаны өтінеміз:  қандай да бір пайғамбарлықтарды немесе біз айтыпты не хатта жазыпты-мыс деген сөздерді естіп, Ехобаның күні келіп қалды екен деп лезде ақылдарыңнан адасып, абыржымаңдар.  Ешкім сендерді амалын тауып еліктіріп жүрмесін. Өйткені сол күн келмес бұрын, алдымен жолдантаюшылық пайда болады және күнәнің адамы, жойылатын кісі, аян болады.  Ол — қарсы шығушы. Сондай-ақ ол өзін “құдай” деп аталатындардың бәрінен не қастер тұтылатын заттардан жоғары қояды, осылайша Құдайдың ғибадатханасында отырып алып, өзін құдай етіп көрсетеді.  Қастарыңда болғанымда осыларды айтып отыратыным естеріңде шығар?  Енді сендер күнәнің адамы өз уақытында аян болу үшін оны қандай күш ұстап тұрғанын білесіңдер.  Рас, құпия болып отырған ол қазірдің өзінде әрекет етуде, бірақ ол өзін ұстап тұрған күш жолдан кеткенше ғана құпия болмақ.  Содан кейін күнәнің адамы аян болады, ал Иеміз Исаның осында екені ашық көрінгенде, ол оны аузынан шыққан леппен жояды.  Күнәнің адамы болса Шайтанның күш беруімен осында болады, әрі түрлі кереметтер, алдамшы белгілер мен ғажайыптар көрсетеді, 10  сондай-ақ ол әділетсіздік атаулыдан туатын алдамшылықты қолданады. Мұның бәрі жойылып бара жатқандар тиісті жазасын алу үшін жасалады. Өйткені олар өздерін құтқаратын шындықты сүйгілері келмеді. 11  Сондықтан Құдай олардың өтірікке иланып, алдамшылықтың ықпалына түсуіне жол беріп отыр. 12  Ол мұны шындыққа сенбей, әділетсіздіктен рақат тапқандардың бәрі сотталу үшін істеп отыр. 13  Ехоба сүйген бауырластар, біз сендер үшін әрқашан Құдайға ризашылық білдіруге міндеттіміз. Өйткені Құдай құтқарылуларың үшін сендерді о бастан таңдап алды. Ол мұны сендерді рухпен киелі ету арқылы және шындыққа деген сенімдеріңнің негізінде істеді. 14  Иә, ол сендерді Иеміз Иса Мәсіхтің ұлылығына ие болуларың үшін біз жариялап жүрген ізгі хабар арқылы құтқарылуға шақырды. 15  Сондықтан, бауырластар, берік тұрыңдар және біздің ауызша болсын, хат арқылы болсын үйреткендерімізді ұстанып жүріңдер. 16  Бізді сүйіп, рақымымен мәңгілік жұбаныш әрі берік үміт берген Құдай Әкеміз және Иеміз Иса Мәсіхтің өзі 17  сендерді жұбатып, әрбір игі істерің мен сөздеріңде нығайтсын.

Сілтемелер

5-қосымшаны қараңыз.