Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ехоба куәгерлері

Тілді таңдау қазақ

Римдіктерге 5:1—21

5  Сонымен, сенім арқылы әділ деп жарияланғандықтан, Иеміз Иса Мәсіх арқылы Құдаймен тату болып қала берейік.  Мәсіхке сенгеніміздің арқасында өзіміз ие болып отырған рақымға жол ашылды. Сондықтан Құдайдың ұлылығына ортақтасамыз деген үмітімізге шаттанайық!  Тек бұған ғана емес, қиындық көрген кезде де шаттанайық! Өйткені біз қиындықтарда табандылық туатынын білеміз,  ал табандылық Құдайдың ықыласына бөлейді, Құдайдың ықыласы болса үміт береді,  ал бұл үміт ақталмай қалмайды, себебі бізге берілген киелі рух арқылы жүрегіміз Құдайдың сүйіспеншілігіне кенелді.  Біз әлі де әлсіз болып жүргенде, белгіленген уақытта Мәсіх күнәкарлар үшін өмірін қиды.  Әділ адам үшін біреудің өз өмірін құрбан етуі екіталай, ал ізгі адам үшін өмірін қиятын біреу табылатын шығар.  Ал Құдай бізге сүйіспеншілігін көрсетіп, әлі де күнәкар болғанымызда Мәсіх біз үшін өмірін қиды.  Сондықтан оның қаны арқылы әділ деп жарияланған біздердің Мәсіх арқылы Құдайдың қаһарынан аман қалатынымызға сеніміміз бұрынғыдан да арта түсті. 10  Себебі Құдайға қас болған кезімізде Ұлының өлімі арқылы онымен татуласқан болсақ, енді татуласқандар ретінде Мәсіхтің өмірі арқылы құтқарылатынымызға сеніміміз әлдеқайда арта түсті. 11  Сондай-ақ Иеміз Иса Мәсіх арқылы Құдаймен қарым-қатынаста болғанымызға да шаттанамыз, өйткені Мәсіх арқылы Құдаймен татуластық. 12  Сонымен, бір адам арқылы дүниеге күнә, ал күнә арқылы өлім келді, осылайша адамдардың бәрі өлетін болды, себебі бәрі күнә жасады. 13  Мұса заңына дейін де дүниеде күнә болған, бірақ заң жоқ жерде адам күнәсі үшін айыпталмайды. 14  Сонда да өлім Адам атадан Мұсаға дейін патшалық етіп келді. Ол тіпті Адам атанікіндей күнә жасамағандарға да билік жүргізді, ал Адам ата болса болашақта келуі тиіс кісіге ұқсас болған. 15  Бірақ Құдайдың сыйы мен Адам атаның күнәсі салыстыруға келмейді: бір кісінің күнәсі арқылы көп адам өлді, ал Құдайдың рақымы мен сыйы көп адамға теңдесі жоқ игіліктер әкелді. Бұл сый бір кісінің, яғни Иса Мәсіхтің, рақымымен бірге берілді. 16  Құдайдың сыйы мен Адам атаның күнәсі келесі жағынан да салыстыруға келмейді: бір күнә жасалғаннан кейін бүкіл адамзат айыпталды, ал көп күнә жасалғаннан кейін, көптеген адамдар әділ деп жариялану үшін сый берілді. 17  Егер күнә жасаған бір кісі арқылы өлім патшалық еткен болса, онда зор рақым мен әділдік сыйын қабылдағандардың да бір кісі, яғни Иса Мәсіх, арқылы өмір сүріп, патшалық ететіні сөзсіз. 18  Сонымен, бір күнәнің кесірінен барлық адамдар айыпталған болса, бір әділ істің арқасында барлық адамдар өмір сүру үшін әділ деп жарияланады. 19  Бір кісінің мойынсұнбауы көп адамды күнәкар етсе, дәл солай, бір кісінің мойынсұнуы көп адамды әділ қылады. 20  Мұса заңы болса адамдардың күнәлары көбейе түскенін көрсету үшін берілді. Бірақ күнә көбейген сайын, Құдайдың рақымы одан да асып түсті. 21  Не үшін? Күнәнің өліммен бірге патшалық еткеніндей, рақымның да Иеміз Иса Мәсіхтің арқасында мәңгілік өмірге жеткізетін әділдік арқылы патшалық етуі үшін.

Сілтемелер