Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ехоба куәгерлері

Тілді таңдау қазақ

Петірдің 1-хаты 4:1—19

4  Ендеше Мәсіх тәнінде азап шеккендіктен, сендер де осындай ой қалып танытуға дайын болыңдар. Өйткені тәнінде азап шеккен адам күнә жасауды қойып,  қалған тәндік өмірін адамдарға тән құмарлықтарды қанағаттандыруға емес, Құдайдың еркін орындауға арнайды.  Өйткені бұрынырақта сендердің басқа халықтар сияқты, әдепсіз қылықтарға*, нәпсіқұмарлыққа, маскүнемдікке беріліп, ырду-дырду той-думан құрумен, сылқия тойғанша жарыса ішумен, жиренішті пұттарға табынумен өмір кешкендерің жетеді.  Олар енді өздерімен бірге осындай бейбастақ істердің шалшығына аунамайтындарыңа таңғалып, сендерді жамандайды.  Бірақ мұндай адамдар тірілерді де, өлілерді де соттауға дайын тұрғанның алдында есеп беретін болады.  Сондықтан өлілерге де ізгі хабар жарияланды. Мұның мақсаты — олардың адамдар тұрғысынан тән бойынша сотталуы, ал Құдай тұрғысынан рух бойынша өмір сүруі.  Барлық нәрсенің соңы таяп қалды. Сондықтан байыппен ойланыңдар және дұға етуге әрдайым дайын болыңдар.  Бәрінен бұрын, бір-біріңді барынша сүйіңдер, өйткені сүйіспеншілік көптеген күнәні жабады.  Бір-біріңе наразылықсыз қонақжайлылық көрсетіңдер. 10  Құдайдың түрлі жолмен көрсетілген рақымының үлгілі басқарушысы ретінде, әрқайсысың қай мөлшерде сый алсаңдар, оны бір-біріңе қызмет ету үшін сол мөлшерде қолданыңдар. 11  Кім сөйлесе, Құдайдың киелі сөздерін айтсын; кім қызмет етсе, Құдайдың күшіне сүйеніп қызмет етсін. Сонда барлық жағдайда Иса Мәсіх арқылы Құдай мадақталады. Даңқ та, құдірет те мәңгілік соған тиесілі. Аумин. 12  Сүйікті бауырластар, оттай жанып тұрған қиындықтар арқылы сыналғанда, мұны оғаш нәрседей көріп, таңғалмаңдар. 13  Қайта, Мәсіхтің салтанатты ұлылығы анық көрінген кезде де қуана шаттануларың үшін, оның азабына ортақтас екендеріңе қуана беріңдер. 14  Егер Мәсіхтің есімі үшін қорлық сөздер естіп жүрсеңдер, бақыттысыңдар, өйткені бұл сендерде ұлылық рухының, яғни Құдай рухының, бар екенін көрсетеді. 15  Алайда араларыңда ешкім кісі өлтіруші, ұрлықшы, зұлымдық жасаушы не өзгелердің ісіне араласатын адам ретінде жапа шегуші болмасын! 16  Ал мәсіхші ретінде жапа шегіп жүрсе, бұған ұялмасын, қайта, осы атқа сай өмір сүруімен Құдайды мадақтай берсін. 17  Өйткені соттау үшін белгіленген уақыт келіп жетті, әрі сот Құдай үйінен басталады. Егер ол алдымен бізден басталатын болса, Құдайдың ізгі хабарына мойынсұнбайтындардың соңы қандай болмақ?! 18  “Әділдің өзі зорға құтқарылып жатса, арсыз адаммен және күнәкармен не болмақ?!” 19  Ендеше Құдайдың еркі бойынша азап шегіп жатқандар жақсылық жасай жүріп, жандарын сенімді Жаратушыға тапсырсын.

Сілтемелер

Ғл 5:19-дың сілтемесін қараңыз.