Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ехоба куәгерлері

Тілді таңдау қазақ

Лұқа 3:1—38

3  Император Тиберийдің билік құруының он бесінші жылында, Понти Пилат Яһудеяның әміршісі, ал Ирод* Ғалилея аймағының әкімі, оның бауыры Філіп Итурея мен Трахонит аймақтарының, ал Лұсани Абелине аймағының әкімі,  Бас діни қызметкер Аннас пен Қаяпаның күндерінде, айдалада Зәкәрияның ұлы Жақия Құдайдан хабар алды.  Ол Иордан бойындағы барлық өңірді аралап, жұртқа күнәлары кешірілу үшін өкініп, шомылдыру рәсімінен өту керектігін уағыздап жүрді.  Бұл жайында Ишая пайғамбардың кітабында былай деп жазылған: “Тыңдаңдар! Айдалада біреу былай деп жар салуда: —Ехобаға жол дайындаңдар, оның жолдарын түзулеңдер!  Сай-саланың бәрі толтырылсын, тау-төбенің бәрі аласартылсын, бұралаң жерлер түзетіліп, бұдыр жолдар тегістелсін!  Сонда бар адамзат Құдайдың құтқаруын көреді”.  Жақия шомылдыру рәсімінен өтуге келіп жатқан жұртқа былай деді: “Улы жыланның ұрпағы! Сендерді Құдайдың төніп келе жатқан қаһарынан құтыла алады деп кім айтты?  Өкінетіндеріңді лайықты жемістеріңмен көрсетіңдер. Сендер: —Біздің бабамыз* — Ыбырайым,— деп ойламаңдар. Мен сендерге айтамын: Құдайдың мына тастардан да Ыбырайымға ұрпақ жасап беруге құдіреті жетеді.  Қазірдің өзінде ағаш түбінде балта дайын тұр. Сондықтан жақсы жеміс бермейтін әрбір ағаш шабылып, отқа тасталады!” 10  Сонда халық одан: “Біз енді не істеуіміз керек?”— деп сұрап жатты. 11  Жақияның жауабы мынау болды: “Кімнің екі көйлегі болса, біреуін көйлегі жоққа берсін, кімнің азығы болса, ол да солай істесін”. 12  Салықшылар да шомылдыру рәсімінен өтуге келіп, одан: “Ұстаз, біз не істеуіміз керек?”— деп сұрады. 13  Ол: “Белгіленген салықтан артық еш нәрсе талап етпеңдер”,— деп жауап берді. 14  Ал жасақшылар: “Біз не істеуіміз керек?”— деп сұрағанда, Жақия: “Ешкімге зорлық жасамаңдар, жала да жаппаңдар. Алатын ақыларыңды қанағат етіңдер”,— деді. 15  Халық Мәсіхтің келуін күтіп жүргендіктен, Жақия туралы: “Мәсіх осы емес пе екен?”— деп ойлады. 16  Ал Жақия жұртқа былай деді: “Мен сендерді суға шомылдыру рәсімінен өткіземін. Бірақ менен құдіретті біреу келе жатыр, мен оның сандалының бауын шешуге де тұрмаймын. Ол сендерді киелі рухқа және отқа шомылдырады. 17  Ол қырманын сыпырып-сиырып тазалау үшін қолына дән желпитін күрек алып, бидайды қамбаға құяды, ал қауызын өшпес отқа өртейді”. 18  Жақия халыққа басқа да насихат айтып, ізгі хабарды жариялап жүрді. 19  Бірақ ол аймақ әкімі Иродты бауырының әйелі Иродияны тартып алғаны үшін және барлық жаман қылықтары үшін әшкерелегендіктен, 20  Ирод зұлым істері аз болғандай, Жақияны түрмеге жаптырды. 21  Жұрттың бәрі шомылдыру рәсімінен өткенде, Иса да сол рәсімнен өтті. Ол дұға етіп тұрғанда, көк ашылып, 22  көгершін бейнесіндегі киелі рух үстіне қонды. Сонда көктен: “Сен менің сүйікті Ұлымсың. Мен саған разымын!”— деген дауыс шықты. 23  Иса қызметін бастағанда, шамамен отызда еді. Жұрттың ойынша, ол Жүсіптің ұлы болатын. Ал Жүсіп Елінің, 24  Елі Мататтың, Матат Леуінің, Леуі Мәлкінің, Мәлкі Жанайдың, Жанай Жүсіптің, 25  Жүсіп Мататияның, Мататия Амостың, Амос Нағұмның, Нағұм Еслінің, Еслі Нағайдың, 26  Нағай Мақаттың, Мақат Мататияның, Мататия Семейдің, Семей Жосектің, Жосек Жоданың, 27  Жода Жохананның, Жоханан Ресаның, Реса Зоробабелдің, Зоробабел Салателдің, Салател Нерейдің, 28  Нерей Мәлкінің, Мәлкі Әдидің, Әди Қосамның, Қосам Елмадамның, Елмадам Ердің, 29  Ер Исаның, Иса Елиезердің, Елиезер Жорымның, Жорым Мататтың, Матат Леуінің, 30  Леуі Шимеонның, Шимеон Яһуданың, Яһуда Жүсіптің, Жүсіп Жонамның, Жонам Елиәкімнің, 31  Елиәкім Мелияның, Мелия Менаның, Мена Мататаның, Матата Натанның, Натан Дәуіттің, 32  Дәуіт Есейдің, Есей Ғабиттің, Ғабит Боғоздың, Боғоз Салмонның, Салмон Нағасонның, 33  Нағасон Әминадаптың, Әминадап Арнидің, Арни Хесронның, Хесрон Парестің, Парес Яһуданың, 34  Яһуда Жақыптың, Жақып Ысқақтың, Ысқақ Ыбырайымның, Ыбырайым Тарахтың, Тарах Нахордың, 35  Нахор Серухтың, Серух Регудің, Регу Пелектің, Пелек Ебердің, Ебер Саланың, 36  Сала Қайнанның, Қайнан Арпақсаттың, Арпақсат Шемнің, Шем Нұхтың, Нұх Ләмехтің, 37  Ләмех Мәтусаланың, Мәтусала Енохтың, Енох Яреттің, Ярет Малалелдің, Малалел Қайнанның, 38  Қайнан Еностың, Енос Сеттің, Сет Адамның, ал Адам Құдайдың ұлы еді.

Сілтемелер

Яғни Ұлы Ирод патшаның баласы Ирод Антипас.
Сөзбе-сөз “әкеміз”.