Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ехоба куәгерлері

Тілді таңдау қазақ

Жохан 9:1—41

9  Иса кетіп бара жатып, зағип болып туылған бір кісіні көрді.  Сонда шәкірттері одан: “Ұстаз, мына кісінің зағип болып туылғанына өз күнәсі себеп болды ма, әлде әке-шешесінікі ме?”— деп сұрады.  Иса былай деп жауап берді: “Оның өзі де, әке-шешесі де күнә жасаған жоқ. Алайда осы жайт арқылы Құдайдың ісі паш етілмек.  Әлі күндіз болып тұрғанда, мені жібергеннің ісін атқаруымыз керек. Түн түсіп келеді, ол уақытта ешкім ештеңе істей алмайды.  Осы дүниеде тұрған шағымда мен дүние үшін жарықпын”.  Осыны айтқан соң, ол жерге түкіріп, балшық жасап, әлгі кісінің көзіне жақты да:  “Силоғам хауызына бар да, жуып таста”,— деді. (Силоғам “атқылаған су” деп аударылады.) Зағип кісі барып, жуып тастады да, көзі ашылып қайта оралды.  Сонда көршілері мен бұрын оның қайыр сұрап отыратынын көргендер: “Мынау осы жерде қайыр сұрап отыратын кісі емес пе?”— десті.  Кейбіреулері: “Иә, сол”,— десе, өзгелері: “Жоқ, бұл соған ұқсайтын біреу”,— деді. Ал әлгі адамның өзі: “Мен солмын”,— деді. 10  Сонда олар: “Қалайша көзің көретін болды?”— деп сұрай бастады. 11  Ол: “Иса деген кісі балшық жасап, көзіме жақты да: —Силоғамға барып, жуып таста,— деді. Мен барып, жуып едім, көзім көретін болды”,— деп жауап берді. 12  Әлгілер: “Ол адам қайда?”— дегенде, ол: “Білмеймін”,— деді. 13  Сосын, олар бұрын зағип болған кісіні парызшылдарға алып барды. 14  Ал Иса балшық жасап, оның көзін ашқан күн Демалыс күні болатын. 15  Парызшылдар да одан көзінің қалай көретін болғанын сұрай бастады. “Ол көзіме балшық жақты. Мен оны жудым да, көретін болдым”,— деді ол. 16  Сонда кейбір парызшылдар: “Бұл кісі Құдайдан келмеген, өйткені Демалыс күнінің ережесін орындамайды”,— десе, өзгелері: “Күнәкар адам қалайша мұндай кереметтер жасай алады?”— десті. Осылайша олар өзара жікке бөлініп кетті. 17  Сөйтіп, бұрын зағип болған кісіге: “Көзіңді ашқан адам туралы не ойлайсың?”— деп тағы сұрақ қойды. Ал әлгі: “Ол — пайғамбар”,— деп жауап берді. 18  Алайда яһуди дінбасылары оның бұрын зағип болғанына әке-шешесін шақыртқанша сенген жоқ. 19  Олар оның әке-шешесінен: “Зағип болып туылды деген ұлдарың осы ма? Ол қалайша көретін болды?”— деп сұрағанда, 20  олар мынаны айтты: “Мұның ұлымыз екенін және зағип болып туылғанын білеміз. 21  Бірақ қалай көретін болғанын да, көзін кім ашқанын да білмейміз. Өзінен сұраңыздар. Бала емес қой, өзі айтып берсін”. 22  Әке-шешесі яһуди дінбасыларынан қорыққандықтан осылай деді. Өйткені олар Исаны Мәсіх деп мойындаған әркімді мәжілісханадан* шығару керек деп келісіп алған еді. 23  Сондықтан да оның әке-шешесі “бала емес қой, өзінен сұраңыздар” деген болатын. 24  Сонда әлгілер бұрын зағип болған кісіні екінші рет шақыртып: “Құдай алдында шыныңды айт! Біз сол адамның күнәкар екенін білеміз”,— деді. 25  Оның жауабы мынау болды: “Ол күнәкар ма, жоқ па, білмеймін. Бар білетінім — зағип едім, ал қазір көретін болдым”. 26  Сол кезде олар: “Ол саған не істеді? Көзіңді қалай ашты?”— деп сұрады. 27  Ол: “Сіздерге айттым ғой, бірақ тыңдамадыңыздар. Неге бұны тағы естігілеріңіз келеді? Әлде сіздер де оның шәкірті болғыларыңыз келе ме?”— деп жауап қайырды. 28  Сонда олар оған ұрсып: “Өзің соның шәкіртісің, ал біз Мұсаның шәкіртіміз! 29  Біз Құдайдың Мұсамен сөйлескенін білеміз, ал әлгі адамның қайдан екенін білмейміз”,— деді. 30  Ол болса мынаны айтты: “Оның қайдан екенін білмейтіндеріңіз қызық екен. Ол менің көзімді ашты ғой. 31  Ал Құдайдың күнәкарлардың дұғасына құлақ салмайтынын білеміз. Бірақ одан қорқатын әрі оның еркін орындайтын адамға құлақ асады. 32  Біреу зағип болып туылған адамның көзін ашыпты дегенді бұған дейін ешкім естіген емес. 33  Егер бұл адам Құдайдан болмаса, ештеңе істей алмас еді”. 34  Сонда олар: “Сен тұла бойың күнәкар болып туылдың, енді бізді үйретпексің бе?”— деп, оны қуып шықты. 35  Иса яһуди дінбасыларының әлгі кісіні қуып жібергенін естіді. Оны кездестіргенде: “Адам Ұлына сенесің бе?”— деп сұрады. 36  Сонда ол: “Мырза, оның кім екенін айтыңызшы, мен оған сенейін”,— деді. 37  Иса: “Сен оны көрдің. Сенімен сөйлесіп тұрған — сол”,— деп жауап бергенде, 38  ол: “Ием, сенемін”,— деп, оған тағзым етті. 39  Иса: “Мен бұл дүниеге соқырлардың көзі ашылсын, ал көретіндер соқыр болсын деп, осы дүниенің сотталуына негіз беру үшін келдім”,— деді. 40  Мұны естігенде, қасында тұрған парызшылдар: “Сонда біз де соқырмыз ба?”— деп сұрады. 41  Бұған Иса: “Егер соқыр болсаңдар, күнәларың болмас еді. Алайда “көзіміз көреді” дегендерің үшін күнәларың мойындарыңда қалады”,— деді.

Сілтемелер

Түсіндірмені қараңыз.