Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ехоба куәгерлері

Тілді таңдау қазақ

Еврейлерге 3:1—19

3  Сонымен, қасиетті бауырластар, көкке шақырылғандар, өзіміз елші әрі бас діни қызметкер деп мойындайтын Иса туралы ой жүгіртіңдер.  Мұса пайғамбар Құдайдың бүкіл үйіне адал болғанындай, ол да өзін тағайындаған Құдайға адал болды.  Үйдің өзінен гөрі оны салған көбірек құрметке лайық, сол сияқты, Иса да Мұсаға қарағанда көбірек даңқталуға лайық.  Әрине, әрбір үйдің салушысы бар, ал бәрінің Жаратушысы — Құдай.  Мұса Құдайдың бүкіл үйінде қызметші ретінде адал болды. Оның осы қызметі кейінірек айтылатын нәрселерге куәлік етті.  Ал Мәсіх Құдайдың үйін басқаруда оның Ұлы ретінде адал болды. Егер сөйлеу еркіндігін және мақтан тұтатын үмітімізді соңына дейін берік ұстансақ, онда біз Құдайдың үйіміз.  Сондықтан, киелі рух арқылы жазылғандай*, “бүгін сендер менің даусымды естісеңдер,  жүректеріңді қасарыстырып, ата-бабаларың сияқты болмаңдар. Олар мені айдалада сынаған күні қатты ашуландырды.  Сол кезде, қырық жыл бойы істерімді көрсе де, олар мені сынады. 10  Міне, сол себепті бұл ұрпақтан жеркеніп: —Айтқандарыма жүректері ешқашан мойынсұнбайды, менің жолдарымды білмейді,— дедім. 11  Сондықтан ашуланып: —Олар менің демалу үшін дайындаған жеріме кірмейді!— деп ант еттім”. 12  Бауырластар, сақ болыңдар! Ешқайсысың да тірі Құдайдан алыстап, жүректерің зұлым әрі сенімнен ада болып жүрмесін! 13  Қайта, әлі де “бүгін” деп аталатын уақыт бітпей тұрғанда, ешқайсысың күнәға азғырылып, жүректерің қасарысып кетпеу үшін, күн сайын бір-біріңді жігерлендіріп отырыңдар. 14  Алғашқы сенімділігімізді соңына дейін берік ұстансақ қана, Мәсіхпен үлестес боламыз. 15  Жазбада: “Бүгін сендер менің даусымды естісеңдер, жүректеріңді қасарыстырып, ата-бабаларың сияқты болмаңдар, олар мені қатты ашуландырды”,— делінген. 16  Құдайдың даусын естісе де, оны қатты ашуландырған кімдер еді? Мұса Мысырдан алып шыққандардың бәрі емес пе? 17  Сондай-ақ Құдай қырық жыл бойы кімдерге жеркенішпен қарады? Күнә жасап, сүйегі айдалада қалғандарға емес пе? 18  Ол кімдерге өзінің демалу үшін дайындаған жеріне кірмейді деп ант етті? Өзіне мойынсұнбағандарға емес пе? 19  Ендеше сенімдері болмағандықтан олардың сол жерге кіре алмағанын көріп отырмыз.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “киелі рух айтқандай”.