Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ехоба куәгерлері

Тілді таңдау қазақ

Аян 11:1—19

11  Маған асатаяқ сияқты қамыс беріліп, былай делінді: “Тұр да, Құдайдың ғибадатханасының қасиетті бөлігін, құрбандық орнын және сол жерде ғибадат етіп жатқандарды өлшеп шық.  Ал ғибадатхананың қасиетті бөлігінің сыртындағы ауланы қалдыр, оны өлшеме, өйткені ол басқа ұлттарға берілген. Олар қасиетті қаланы қырық екі ай бойы аяқтарымен таптайды.  Мен екі куәгерімді жіберемін. Олар кенептен киім киіп, 1260 күн пайғамбарлық ететін болады”.  Олар қос зәйтүн ағашы және қос шамдал арқылы бейнеленген, әрі жер Иесінің алдында тұр.  Біреу оларға зиян келтіргісі келсе, ауыздарынан от шығып, жауларын жалмап қояды. Оларға зиян келтіргісі келген әркім осылай өлім құшады.  Екеуінің пайғамбарлық еткенде жаңбыр жаумайтындай етіп, аспанды жауып тастайтын билігі бар. Олардың суды қанға айналдыратын және қалаған кездерінде жерді сан алуан пәлеге ұшырататын да билігі бар.  Олар куәлік етіп болғанда, тұңғиықтан шыққан жыртқыш аң олармен соғысып, жеңіп шығып, өлтіріп тастайды.  Олардың мәйіті бейнелі мағынада Содом және Мысыр деп аталатын ұлы қаланың басты көшесінде жатады. Екеуінің Иелері де сол қалада бағанаға ілінген болатын.  Барлық халықтан, рудан, тілден және ұлттан шыққан адамдар үш жарым күн бойы олардың мәйітіне қарайды және оларды қабірге қоюға рұқсат етпейді. 10  Жер бетінің тұрғындары олардың өлгенін қуана тойлап, бір-біріне сый жібереді. Себебі осы екі пайғамбар жер бетінің тұрғындарын азаптаған еді. 11  Бірақ үш жарым күннен кейін бойларына Құдайдың өмір рухы еніп, олар түрегелді. Екеуін көргендерді қатты қорқыныш биледі. 12  Сонда екеуі көктен: “Мұнда көтеріліңдер!”— деген зор дауысты естіді. Олар бұлт ішінде көкке көтерілді, ал жаулары қарап тұрды. 13  Дәл сол кезде қатты жер сілкінісі болып, қаланың оннан бір бөлігі қирап қалды. Жер сілкінісінен 7000 адам өлді, ал қалғандары үрейлері ұшып, көктің Құдайын даңқтады. 14  Екінші қасірет өтті, бірақ үшіншісі жылдам төніп келе жатты. 15  Жетінші періште кернейлеткенде, көкте: “Дүниенің үстінен патшалық ету билігі енді Иемізге және Мәсіхке* тиесілі. Ол мәңгі бақи патшалық етеді!”— деген қатты дауыстар естілді. 16  Сонда Құдай алдында өз тақтарында отырған жиырма төрт ақсақал бас ұрып, оған тағзым етіп, 17  былай деді: “Бұрын болған, қазір де бар Құдіретті Ехоба Құдай, саған ризашылық білдіреміз, өйткені зор құдіретіңді қолға алып, патшалық ете бастадың. 18  Бірақ ұлттар ашуланды, сен қаһарыңды төктің; өлілерді соттау үшін және құлдарың пайғамбарларға, қасиеттілерге, сенің есіміңнен қорқатын ұлықтар мен кішіктерге сыйларын беру үшін, сондай-ақ жерді бүлдіргендерді құрту үшін белгілеген уақытың келді”. 19  Құдайдың көктегі ғибадатханасының қасиетті бөлігі ашылып, оның келісім сандығы көрінді. Сонда найзағай ойнап, дауыстар мен күн күркірі естілді, жер сілкініп, қатты бұршақ жауды.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “оның Мәсігіне”.