Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ехоба куәгерлері

Тілді таңдау қазақ

Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар

Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар

Иса болашақта не істейді?

Иса б. з. 33 жылы қайтыс болып, қайта тірілді және кейін көкке көтерілді. Ал содан біраз уақыт өткен соң оған патша ретінде билік берілді (Даниял 7:13, 14). Болашақта Иса патша ретінде әрекет етіп, бүкіл дүниежүзіне бейбітшілік орнатады және кедейлікті жояды (Забур 36:11; 71:8, 13 оқыңыз).

Иса патша ретінде әрекет етіп, жер бетін әділетсіздіктен тазартады

Иса адамзаттың Билеушісі ретінде көптеген керемет істер жасайды. Ол Құдай берген күштің арқасында адамдарды кемелділікке жеткізеді. Сонда адамдар жер бетінде кәрілік пен өлім атаулы болмайтын өмірдің рақатын көреді (Жохан 5:26—29; Қорынттықтарға 1-хат 15:25, 26 оқыңыз).

Иса қазір не істеп жатыр?

Бүгінде Иса өзінің шынайы ізбасарлары жүргізіп жатқан уағыз ісіне басшылық етіп жатыр. Оның ізбасарлары адамдарға барып, Киелі кітапта Құдай Патшалығы жайлы не жазылғанын айтып жүр. Иса Құдай Патшалығы адамдар құрған үкіметтерді жойғанға дейін олардың ісін қолдайтынын айтқан (Матай 24:14; 28:19, 20 оқыңыз).

Шынайы мәсіхшілер қауымы арқылы Иса адамдарды ең жақсы өмір жолына жетелеуде. Иса оларға осы дүниенің соңы келіп, Құдай уәде еткен жаңа дүние орнағанша басшылық беріп, жетекшілік ететін болады (Петірдің 2-хаты 3:7, 13; Аян 7:17 оқыңыз).