Иса пайғамбар өлімге кесілер түні адал шәкірттерін жинап, өмірін құрбандыққа ұсынған сол күнді еске алуға нұсқау берген. Ол ашытқы қосылмаған нан мен қызыл шарапты алып, Иеміздің кешкі асы деп аталатын мейрамды енгізді де: “Мені еске алу үшін, осылай істеп тұрыңдар”,— деп бұйырды (Лұқа 22:19).

Ехоба куәгерлері жержүзі бойынша Иса пайғамбардың өлген күнін еске алу үшін жыл сайын бас қосып отырады. Биыл Еске алу кеші 14 сәуірдің жұлдызында, дүйсенбіде, күн батқан соң болады.

Сізді шын жүректен осы кешке шақырамыз. Ол жерде Иса пайғамбардың өлімінің маңыздылығы жайлы көбірек мағлұмат айтылатын болады. Бұл кездесуге келемін деушілерге есік ашық әрі ешқандай ақы алынбайды. Бұл кездесудің өтетін жері мен уақытын жергілікті Ехоба куәгерлерінен немесе біздің www.jw.org веб-сайтымыздан біле аласыз. Сіз уақытыңызды бөліп, осы бір маңызды кешке келеді деп үміттенеміз.