Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ехоба куәгерлері

Тілді таңдау қазақ

 НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ӨЛІММЕН БӘРІ БІТЕ МЕ?

Өлімнің әкелетін тауқыметі

Өлімнің әкелетін тауқыметі

Адамдардың көбісі өлім жайлы тақырыпты қозғағысы келмейді. Дегенмен біз өлімнен қашып құтыла алмаймыз. Оның әкелетін тауқыметі өте ауыр.

Біз ешқашан да ата-анамыздың, өмірлік жарымыздың не баламыздың өліміне толықтай дайын бола алмаймыз. Жақынымыз күтпеген жерден, я болмаса ұзақ уақыт бойы аурудан не қарттықтан қиналып, қайтыс болуы мүмкін. Қандай болған күнде де, өлім қайғы-қасірет алып келеді және ол адамның рухын күйретеді.

Жол апатының кесірінен әкесінен айырылған Антонио былай деді: “Мұндайда біреу үйіңді тас қылып құлыптап, кілтін өзімен бірге алып кеткендей сезімде боласың. Енді сен үйіңе тіпті бір сәтке де қайтып кіре алмайсың. Сенде ол жайлы естеліктер ғана қалады. Бұдан былай осы шындықпен өмір сүруіңе тура келеді. Бұл барып тұрған әділетсіздік болып көрінгендіктен, мұны мойындағың келмейді. Бірақ бұған көнуден басқа амалың жоқ”.

Дороти есімді әйел жан жарынан айырылып, 47 жасында жесір болып қалды. Жақынынан айырылған кезде, оны біраз сұрақтар мазалады. Ол діни Жексенбілік мектепте сабақ бергендіктен, өліммен бәрі бітеді деп ешқашан ойламаған еді. Десе де ол сұрақтарына нақты жауап таба алмады. Содан ол англикандық шіркеудің қызметшісінен: “Өлген соң бізбен не болады?”— деп сұрағанда, әлгі кісі оған: “Мұны ешкім нақты білмейді. Не болатынын көру үшін күтуден басқа шарамыз жоқ”,— деп жауап береді.

Сонда біздің “күтуден басқа шарамыз” жоқ па? Өліммен бәрі біте ме? Бұның жауабын табу мүмкін бе?