Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ехоба куәгерлері

Тілді таңдау қазақ

 НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | КИЕЛІ КІТАПТА ҚАНДАЙ ХАБАР ЖАЗЫЛҒАН?

Неліктен Киелі кітап бізді қызықтыру керек?

Неліктен Киелі кітап бізді қызықтыру керек?

Киелі кітап — дүниежүзіндегі ең кең тараған кітап. Неге олай деуге болады? Мұның бір себебі — оны түсіну оңай. Онда тарихта өмір сүрген адамдармен болған шын оқиғалар мен сол адамдардың бір-бірімен және Құдаймен қарым-қатынасы жайлы жазылған. Бұл оқиғалардан біз көп нәрсеге үйрене аламыз. Киелі кітаптағы хабар қарапайым да анық етіп жазылғандықтан, жүздеген тілге аударылып, түрлі кезеңде және түрлі жерде өмір сүрген адамдар үшін түсінікті болған. Сондай-ақ Киелі кітап принциптерін қолдану әрқашан пайда әкеледі.

Ал, ең бастысы, Киелі кітап — тек Құдай туралы баяндайтын кітап емес, ол Құдайдан келген кітап. Онда Құдайдың есімі, болмысы және оның жер мен адамзатқа қатысты өзгермейтін ниеті жайлы жазылған. Сондай-ақ Киелі кітапта жақсылықтың ұзақ уақыт бойы зұлымдыққа қарсы күрескені жайлы айтылады. Соңы жеңіспен аяқталатын бұл күрес бүкіл дүниенің сахнасында орын алған маңызды оқиға болып табылады. Біз Киелі кітапты кең тараған бұрыс пікірлерге қарамастан оқитын болсақ, сенім мен үмітке ие бола аламыз.

Біз Киелі кітаптан басқа еш жерде жоқ мәліметті таба аламыз. Мысалы, онда келесі сұрақтарға қатысты шындық жазылған:

  • Біз қалай пайда болдық және неліктен қайғы-қасірет шегеміз?

  • Құдай адамзатты құтқару үшін қандай шара жасады?

  • Иса пайғамбар біз үшін не істеді?

  • Жер планетасы мен адамзатты болашақта не күтіп тұр?

Неге келесі мақалаларға назар аударып, Киелі кітаптың мазмұнымен танысып көрмеске?