ХХ ғасырдың басында Сан-Франциско қаласында (АҚШ) адамдардың күнделікті тіршіліктері жайлы түсірілген “Маркет-стрит көшесімен саяхаттау” деп аталатын дыбыссыз фильм көрермендердің көңілін жаулап алды. Режиссерлер фильмді түсіру үшін камераны тауға көтеріліп-түсетін арнайы вагонға орнатып, сауда-саттық жасалып жатқан көшеге бағыттаған. Фильмде ат-арбалар мен ескі үлгідегі көліктер, сондай-ақ сатып алушылар мен газет тасушы балалардың күнделікті істерімен айналысып жатқандары көрсетілген болатын.

Алайда фильмнің 1906 жылдың сәуір айында түсірілгені оны қайғылы етті. Өйткені бұл фильм 18 сәуірде жойқын жер сілкінісі мен өрттің болар алдында түсірілген еді. Бұл апаттар мыңдаған адамның өмірін қиып, қаланың сол бөлігін жойып жіберген болатын. Сол кезде фильмге түсіп қалған кейбір адамдардың өмір сүрулеріне бірнеше ғана күн қалған еді. “Бұл адамдар өздерін не күтіп тұрғанынан мүлдем бейхабар болатын. Оларға қарап, жаның ашып қана қояды”,— дейді сол фильмнің бір режиссерінің туысы Скотт Майлс.

1906 жылы еш ескертусіз келген жер сілкінісі мен оның кесірінен болған өрт Сан-Франциско қаласының орталық бөлігінің көбін жойып жіберді

Ешкімді бейжай қалдырмайтын бұл оқиға біздің күндерімізге ұқсас. Біз де жан-жағымыздағы адамдарға жанымыз ашиды. Өйткені олар күнделікті істерімен айналыса жүріп, төніп келе жатқан апат, яғни осы дүниенің жойылатыны жайлы мүлдем бейхабар. Бірақ болжап білмейтін жер сілкінісіне қарағанда, біз қалған аз уақытты пайдаланып, Ехобаның соттайтын күні туралы адамдарға ескерте аламыз. Сен апта сайын үйме-үй жүріп уағыздау үшін біршама уақыт бөліп жүрген боларсың, бірақ адамдарды ескерту ісіне көбірек қатыса аласың ба?

ИСА УАҒЫЗДАУҒА ӘРДАЙЫМ ДАЙЫН БОЛҒАН

Иса уағыздауға әрдайым дайын болғандықтан, оның үлгісі көңіл қоюымызға тұрарлық. Ол кездейсоқ кездестірген адамдардың барлығына, мысалы жолшыбай көріп қалған салықшыға және түскі уақытта құдық басына келген әйелге уағыздаған (Лұқа 19:1—5; Жох. 4:5—10, 21—24). Тіпті демалуға уақыт бөліп қойған болса да, ол адамдарға тәлім беру үшін жоспарын өзгеруге дайын болған. Жақындарына деген жанашырлығы Исаны көбірек тәлім беруге талпындырған (Мар. 6:30—34). Бүгінде уағыздауды уақыт күттірмейтін іс деп қараған Исаға қалай еліктей аламыз?

ОЛАР ӘРБІР МҮМКІНДІКТІ ҚОЛДАНДЫ

Мелика есімді бауырлас көп қабатты күзетілетін үйде тұрады. Оның көршілерінің көбісі — ұялы  телефондары анықтамалық кітапшада тіркелмеген және қабылдау бөліміндегі тізімде есімдері жазылмаған шетелдік студенттер. Сондықтан ол көршілерімен қабылдау бөлімінде не лифтте рухани тақырыптарға сөйлесудің мүмкіндігін жібермейді. Ол былай дейді: “Мен осы жерде уағыздауды учаскем деп қарастырамын”. Мелика өзімен бірге бірнеше тілге аударылған әдебиеттерді алып жүреді және көбісі одан трактаттар мен журналдарды алып жатады. Сондай-ақ ол адамдардың назарын jw.org деген веб-сайтымызға аударады. Осылайша Мелика бірнеше Киелі кітапты зерттеу сабағын бастай алған.

Соня да қолынан келгенше барлық адамға куәлік беруге дайын. Ол емханада жұмыс істейді және әріптестерінің барлығына уағыздап шығуды мақсат етеді. Алдымен, Соня олардың әрқайсысының қандай қажеттіліктері бар екенін және оларды не нәрсе қызықтыратынын білуге тырысады. Сосын түскі үзіліс кезінде әріптестерінің бірін тауып алып, онымен рухани тақырыптарға сөйлеседі. Нәтижесінде Соня екі Киелі кітап зерттеу сабағын бастай алды. Бұған қоса, ол үзіліс кезінде емхананың қабылдау бөлімінде кезек күтіп тұрғандарға уағыздауды да жоспарлауда.

ӘРБІР МҮМКІНДІКТІ ҚОЛДАН

1906 жылғы жер сілкінісінен аман қалған бір ер адам оны “қалаға төнген бұрын-соңды болмаған ең жойқын апат” деп атаған. Алайда жақын арада болатын “Құдайды білмейтіндерден” кек алынатын күн бүгіндегі барлық апаттардан асып түсетін болады (Сал. 2-х. 1:8). Ехоба адамдардың өз ойлары мен жүрек қалауларын өзгертіп, оның Куәгерлері айтып жүрген ескерту хабарына құлақ асқандарын қатты қалайды (Пет. 2-х. 3:9; Аян 14:6, 7).

Күнделікті істермен айналыса жүріп кездестірген адамдарға куәлік беру үшін әрбір мүмкіндікті қолданасың ба?

Сенде адамдарға қиын-қыстау күндері өмір сүріп жатқандарын түсіндіріп, Ехобаны іздей алулары үшін өзімшіл құмарлықтардан бас тартуларына көмектесу мүмкіндігі бар (Соф. 2:2, 3). Әріптестеріңе, көршілеріңе және күнделікті істермен айналыса жүріп кездестірген адамдарға куәлік беру үшін әрбір мүмкіндікті қолданасың ба? Адамдарды ескерту ісіне көбірек қатыса аласың ба?