Мәсіхші ата-ананың қауымнан шығарылған баласымен қауым кездесулерінде бірге отыруына бола ма?

Қауымнан шығарылған адамның Патшалық сарайының қай жерінде отыратынына көп мән берудің қажеті жоқ. Бұл журнал мәсіхші ата-ананы өздерімен бірге тұратын қауымнан шығарылған баласына рухани көмек көрсетуге барынша талпындырады (Әрине, егер ата-ана мұны орынды деп тапса.). 2001 жылғы “Күзет мұнарасының” 1 желтоқсан айындағы санының 27—29 беттерінде жазылғандай, ата-аналар қауымнан шығарылған, бірақ өздерімен бірге тұратын жасөспірім баласымен тіпті Киелі кітапты зерттеулеріне болады. Осының арқасында бала теріс жолынан қайту үшін қажетті көмек алады.

Патшалық сарайының қай жерінде отыратынына келер болсақ, кәмелет жасқа толмаған қауымнан шығарылған баланың ата-анасының қасында өзгелерді алаңдатпайтындай етіп отырғанында тұрған ештеңе жоқ. Қауымнан шығарылған адамның Патшалық сарайының артқы қатарында отыруы талап етілмейтіндіктен, қауымнан шығарылған бала ата-анасы қай жерде отырса, сол жерде отыра алады. Оның үстіне, ата-ана баласының рухани күйін ойлағандықтан, оның қауым бағдарламасын мұқият тыңдап отырғанына көз жеткізгісі келетіні анық. Сол себепті ата-ана баласын қараусыз қалдырмай, оны қасына алып отыруды қалауы мүмкін.

Қауымнан шығарылған бала ата-анасымен бірге тұрмаса ше? Онда оның қауымда ата-анасымен бірге отыра алмайтын болғаны ма? Қауымнан шығарылған, бірақ бір үйде тұрмайтын туысымен араласуға келгенде, мәсіхші өзін қалай ұстау керектігі әдебиеттерімізде анық жазылған *. Алайда отбасы мүшелерінің қауымнан шығарылған туысымен қауымда бірге отырулары мен онымен қажетсіз қатынасу үшін сылтау іздеулері — екі бөлек нәрсе. Адал болып қалған отбасы мүшелері қауымнан шығарылған туыстарына қатысты дұрыс көзқарас ұстанса және онымен араласпауға қатысты Жазбалардағы кеңестерді ұстануға тырысса, онда бұған бола уайымдаудың қажеті жоқ (Қор. 1-х. 5:11, 13; Жох. 2-х. 11).

Сонымен қауымнан шығарылған адам кездесу кезінде ешкімді алаңдатпайтын болса, туыстарының не басқа да қауым мүшелерінің қасында отыра алады. Ал бұған қатысты шектеу қойылатын болса, кей жағдайларда бұл белгілі бір қиындықтарды туындатуы мүмкін. Егер бауырластар, олардың ішінде адал болып қалған туыстары, қауымнан шығарылған адаммен қатынасуға қатысты Киелі кітап принциптерін ұстануға тырысса әрі оның қай жерде отыратыны бауырластардың сүрінуіне себеп болмаса, бұған көп мән берудің қажеті жоқ.