Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ехоба куәгерлері

Тілді таңдау қазақ

Ізгі хабарды уағыздау қызметіңді толықтай атқар

Ізгі хабарды уағыздау қызметіңді толықтай атқар

“Ізгі хабардың уағыздаушысы болып, қызметіңді толықтай атқара бер” (ТІМ. 2-Х. 4:5).

1. Неліктен Ехоба Құдайды ізгі хабардың алғашқы және ең ұлы Уағыздаушысы деуге болады?

ЕХОБА ҚҰДАЙ — ізгі хабардың алғашқы және ең ұлы Уағыздаушысы. Түп ата-анамыз бүлік шығарғаннан кейін, Ехоба Шайтан Ібілістің жойылатынын бірден айтқан (Жар. 3:15). Ехоба өз есімінің қалай қастерленетінін, Шайтан әкелген қайғы-қасіретті қалай жоятынын және адамдар Адам мен Хауа жоғалтқан мәңгі өмір сүру мүмкіндігіне қалай қайта ие болатынын ғасырлар бойы білдіріп келген. Осы ізгі хабарлардың бәрі Құдай Сөзі Киелі кітапта жазылған.

2. а) Періштелер уағыз ісіне қалай атсалысады? ә) Иса уағыздаушыларға қандай үлгі көрсетті?

2 Періштелер де ізгі хабардың уағыздаушылары. Сондай-ақ олар адамдарға осы істе қолғабыс етеді (Лұқа 1:19; 2:10; Ел. іс. 8:26, 27, 35; Аян 14:6). Ал бас періште Микайл ше? Ол да ізгі хабардың уағыздаушысы. Жерде адам болып өмір сүргенде, ол уағыз ісін басты орынға қойған. Оның үлгісі бізге уағыз ісін өмірде басты орынға қоюымыз керектігін көрсетеді (Лұқа 4:16—21).

3. а) Біз қандай ізгі хабарды уағыздаймыз? ә) Біз қандай сұрақтардың жауабын білуіміз керек?

3 Иса шәкірттеріне ізгі хабардың уағыздаушысы болуды бұйырған (Мат. 28:19, 20; Ел. іс. 1:8). Пауыл серігі Тімөтені: “Ізгі хабардың уағыздаушысы болып, қызметіңді толықтай атқара бер”,— деп талпындырған (Тім. 2-х. 4:5). Исаның ізбасарлары уағыздап қандай ізгі хабарды уағыздап жүр? Біз көктегі Әкеміз Ехобаның адамдарды жақсы көретінін айтамыз (Жох. 3:16; Пет. 1-х. 5:7). Ол адамзатқа деген сүйіспеншілігін бірінші кезекте өзінің Патшалығы арқылы көрсетеді. Сондықтан да біз Патшалықтың билігіне бағынатындардың, Құдайға мойынсұнатындардың және дұрыс нәрсені істейтіндердің барлығы онымен достық қарым-қатынаста бола алатынын қуана-қуана хабарлаймыз (Заб. 14:1, 2). Ехоба  қайғы-қасіретті жойып, азап шеккен кездерімізді ұмыт қылады. Ізгі хабар деп осыны айт! (Ишая 65:17). Уағыздаушы болғандықтан біз келесі екі сұрақтың жауабын білуіміз керек: Неліктен адамдар ізгі хабарды есту керек? Уағыздаушы ретіндегі қызметімізді қалайша жақсы атқара аламыз?

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ІЗГІ ХАБАРДЫ ЕСТУ КЕРЕК?

Тиімді сұрақтар дамдарға сенімі не нәрсеге негізделгенін анықтауға көмектеседі

4. Адамдар Құдай туралы қандай жалған әңгімелер айтады?

4 Келесі жағдайды елестетіп көрші. Әлдекім келіп, әкең сені және отбасыңды тастап кеткенін айтады. Оның үстіне, бұл адам ол сені жақсы көрмегенін, сенен көп нәрсені жасырғанын және қатыгез болғанын айтады. Ол тіпті әкең өліп қалды деп, оны іздеп босқа әуре болмауға шақырады. Негізі, көп адам Құдай туралы осы сияқты сөздер айтады. Олар Құдайды танып білу мүмкін емес немесе ол қатыгез деп үйретеді. Кейбір дін мұғалімдері Құдай жаман адамдарды мәңгі жанып тұратын тозақта азаптайды деп айтады. Олар көп қайғы әкелетін табиғи апаттар Құдайдың күнәкарларға берген жазасы деп түсіндіреді. Алайда мұндай апаттарда жаман адамдармен қатар жақсы адамдар да қаза болады ғой.

Тиімді сұрақтар олардың санасы мен жүрегін ашады

5, 6. Эволюция теориясы мен жалған діни ілімдер адамзатқа қалай әсер етті?

5 Құдай жоқ дейтін адамдар да бар. Мысалы, эволюция теориясын алып қарайық. Бұған сенетін адамдар тіршілік атаулы өздігінен пайда болды деп жар салады. Кейбіреулер тіпті адамдар маймылдан жаралған, сондықтан олар айуан сияқты әрекет етсе, бұған таңғалмау керек деп жатады. Ал тағы біреулердің айтуынша, күштілер әлсіздерге қиянат жасағанда, бар болғаны “табиғат заңының” жетегінде жүреді. Сол себепті көп адам әділетсіздік әрқашан болады деп сенеді. Эволюцияға сенетіндердің болашаққа деген шын үміті жоқ.

6 Эволюция теориясы мен жалған діни ілімдер — адамзаттың осы соңғы күндері қатты азап шегіп жатқанының бір себебі (Рим. 1:28—31; Тім. 2-х. 3:1—5). Адамдар үйрететін бұл ілімдерді ізгі хабар деп айта алмайсың. Қайта, елші Пауыл айтқандай, солардың кесірінен адамдардың “саналарын қараңғылық басып, [олар] Құдайдан келетін өмірден шет қалған” (Ефес. 4:17—19). Оның үстіне, эволюция теориясы мен жалған діни ілімдер адамдарды Құдайдың ізгі хабарынан аластатып жіберді (Ефестіктерге 2:11—13 оқы).

Тиімді сұрақтар ой жүгіртіп, дұрыс тұжырымға келуге көмектеседі

7, 8. Ізгі хабарды толықтай білудің жалғыз жолы қандай?

7 Құдаймен татуласу үшін адамдар алдымен Ехобаның тірі тұлға екеніне сеніп, оған жақындауға келелі себептер бар екенін түсінуге тиіс. Біз оларды жаратылыс атаулыны зерттеуге талпындырып, білім алуға көмектесе аламыз. Адамдар жаратылысқа назар аударып терең ойланғанда, Құдайдың даналығы мен құдіретін көре алады (Рим. 1:19, 20). Адамдарды жаратылыс туралы ойланып, Ұлы Жаратушымызды қастерлеуге талпындыру үшін, “Тіршілік өздігінен пайда болды ма?” және “Тіршіліктің бастауы. Бес маңызды сұрақ” деген кітапшаларды пайдалануға болады. Алайда адам жай ғана жаратылысты зерттеп, көкейкесті сұрақтарына жауап таба алмайды. Мысалы, келесі сұрақтар: “Неге Құдай қайғы-қасіретке жол береді? Құдай жерді не үшін жаратты? Құдай жеке менің қамымды ойлай ма?”

8 Құдай туралы және оның ниеті жайлы ізгі хабарды толықтай білудің жалғыз жолы — Киелі кітапты зерттеу. Адамдарға көкейінде жүрген  сұрақтарына жауап алуға көмектесу біз үшін неткен мәртебе десеңші! Бірақ ізгі хабар олардың жүректеріне жету үшін, адамдарға құр мәлімет беру жеткіліксіз. Біз адамдардың бұған көз жеткізулеріне көмектесуіміз керек (Тім. 2-х. 3:14). Бұны біз Исадан үйренсек болады. Қалайша ол адамдарды сөздерінің растығына сендіре алған? Оның бір тәсілі — сұрақтарды шеберлікпен қою. Біз оған осы жағынан қалай еліктей аламыз?

ШЕБЕР УАҒЫЗДАУШЫЛАР СҰРАҚТАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНАДЫ

9. Адамға рухани көмек бере алу үшін алдымен не істеуіміз керек?

9 Неге біз Иса сияқты сұрақтарды шебер қоюымыз керек? Келесідей жағдайды елестетіп көрші. Сен қатты ауырып жатқанда, дәрігер саған айтар жақсы хабары бар екенін мәлімдейді. Ол күрделі ота жасап, сені сауықтыра алатынын айтады. Сен оған сенетін шығарсың. Алайда егер ол денсаулығың туралы еш нәрсе сұрамай жатып, осындай уәде беріп жатса ше? Ондай кезде оған сенерің екіталай. Қанша жерден шебер болмасын, дәрігер ем-шара қолданбас бұрын қай жерің ауыратынын сұрап, мұқият тыңдауы керек. Сол сияқты, адамдарға Патшалық туралы ізгі хабарды қабылдауға көмектесе алу үшін, бізге шеберлікпен тиімді сұрақтар қоюды үйрену керек. Адам не нәрсеге мұқтаж екенін біліп алған соң, біз оған жақсы көмек бере аламыз.

Ізгі хабар адамның жүрегіне жету үшін, оның шындық екеніне адамның көзін жеткізу керек

10, 11. Исаның тәлім беру әдістеріне еліктеп, қандай нәтижеге қол жеткізе аламыз?

10 Иса жақсы ойластырылған сұрақтар қою арқылы тәлімгер өз шәкіртін жақынырақ біліп қана қоймай, оны әңгімеге тарта алатынын да білді. Мысалы, шәкірттерін кішіпейілділікке үйреткісі келгенде, Иса алдымен оларға ойлануға талпындыратын сұрақ қойды (Мар. 9:33). Ал Петірге принциптерді түсінуді үйрету үшін, оған сұрақ қойып, екі жауаптың біреуін таңдауға шақырды (Мат. 17:24—26). Ал тағы бір жолы ол шәкірттерінің жүрегінде не бар екенін анықтау үшін, оларға бірқатар сұрақ қойып, өз ойларын ашық айтуға талпындырды (Матай 16:13—17 оқы). Иә, Иса адамдарға не істеу керектігін айтып қана қойған жоқ. Қайта, сұрақ қою арқылы ол адамдарды ізгі хабарды қабылдауға және өмірлерін өзгертуге талпындырған.

11 Исаға еліктеп сұрақтарды тиімді қолдану арқылы біз, кем дегенде, үш мақсатқа қол жеткіземіз: адамға қалай көмектесуге болатынын анықтаймыз, қарсы пікірлердің алдын аламыз және кішіпейіл адамдарға ізгі хабардың бар игілігін көруге көмектесеміз. Қазір сұрақтарды қалай тиімді қолдануға болатынын көрсететін үш жағдайды қарастырайық.

12—14. Балаңа батыл уағыздауға қалай көмектесе аласың? Мысал келтір.

12 Бірінші жағдай. Сыныптастары Киелі кітаптың Құдай Сөзі екеніне шек келтіргенде, жасөспірім балаң не дерін білмегенін айтады делік. Оған сенімділікпен уағыздауға қалай көмектесе аласың? Бірден мысын басудың немесе ақыл айтудың орнына, неге Исаға еліктеп, балаңды өз ойын айтуға талпындыратын сұрақтар қоймасқа? Мұны қалай істеуге болады?

13 Балаңмен бірге “Киелі кітап үйретеді” кітабының 2-тарауындағы  мәліметтерді оқып, ондағы деректердің қайсысы ең қызықты болып көрінетінін сұрасаң болады. Сондай-ақ балаңды Киелі кітаптың Құдай Сөзі екеніне не себепті сенетіні туралы ойлануға шақыр (Рим. 12:2). Оның себептері сенікімен бірдей болуы шарт емес екенін балаңа түсіндір.

14 Сосын балаңа сыныптасымен де дәл солай әңгімелесе алатынын айт. Балаң айғақтар келтіріп, артынша ойын білуге көмектесетін сұрақтар қойса болады. Мысалы, ол “Киелі кітап үйретеді” кітабының 2-тарауының 8-абзацындағы мәліметті қолданып, сыныптасына былай деп сұрақ қойса болады: “Орта ғасырларда адамдар жер тегіс деп ойлағанымен келісесің бе?” Сыныптасы “иә” деп жауап берсе, ол былай десе болады: “Ал 3500 жылдан астам уақыт бұрын жазылған Киелі кітапта жердің шар тәрізді екені айтылып кеткен. Қалай ойлайсың, адамдар мұны өздігінен біліп жазуы мүмкін бе?” Балаңа нанымдары жайлы сөйлескенде батыл болуға көмектесу үшін, онымен жүйелі түрде жаттығып тұруың керек. Оған сұрақтарды тиімді қоюды үйретсең, ол ізгі хабардың уағыздаушысы ретіндегі қызметін толықтай атқара алатын болады.

15. Атеист адамға көмектесу үшін сұрақтарды қалай қолдануға болады?

15 Екінші жағдай. Қызметте біз Құдайдың бар екеніне күмәнданатын адамдарды кездестіреміз. Мәселен, адам атеист екенін айтуы мүмкін. Әңгімені осы жерден тоқтатудың орнына, атеист болғанына қанша жыл болғанын және бұған не себеп болғанын сұра. Жауабын тыңдаған соң, бұл жайында терең ойланатыны үшін мақта. Сосын: “Тіршілік атаулының өздігінен пайда болмағанына дәлелдер келтірілген әдебиетті оқуға қалай қарайсыз?”—  деп сұрасаң болады. Егер көзі ашық, көкірегі ояу адам болса, мұндай мәліметті оқудан бас тартпайды. “Тіршілік өздігінен пайда болды ма?” және “Тіршіліктің бастауы. Бес маңызды сұрақ” деген кітапшаларды көрсетуге болады. Ілтипаттылықпен қойылған сұрақтар адамның жүрек есігін ашып, ізгі хабарды жеткізуге көмектесетін кілт іспетті деуге болады.

16. Неге біз зерттеушінің абзацтарда жазылғанды жай оқып бергенімен қанағаттанбауымыз керек?

16 Үшінші жағдай. Киелі кітап зерттеушінің сұрақтарға жауап бергенде, абзацтарда жазылғанды жай оқып бергенімен қанағаттансақ не болады? Олай етсек, оның рухани өсімін тежеуіміз мүмкін. Өйткені терең ойланбайтын адамның шындыққа терең тамыр жаюы екіталай. Ол аптаған ыстықтан солып қалатын өсімдік іспетті қиындық пен қуғынға кезіккенде сенімнен безуі мүмкін (Мат. 13:20, 21). Мұны болдырмау үшін адамнан зерттеп жатқан мәлімет туралы не ойлайтынын сұрап отыру керек. Оқып жатқан нәрсесімен келісе ме, жоқ па — соны анықтауға тырыс. Ал ең маңыздысы, келісу-келіспеуінің себебін сұра. Сосын Жазбаларға ой жүгіртіп, өзінің дұрыс тұжырымға келуіне көмектес (Евр. 5:14). Егер сұрақтарды шебер қолданатын болсақ, зерттеушілер шындыққа терең тамыр жайып, қарсылық көрсететін не теріс жолға еліктіретін адамдарға төтеп бере алады (Қол. 2:6—8). Ізгі хабардың уағыздаушысы ретіндегі қызметімізді толықтай атқару үшін тағы не істеуге болады?

ЖАҚСЫ УАҒЫЗДАУШЫЛАР БІР-БІРІНЕ КӨМЕКТЕСЕДІ

17, 18. Бауырласыңмен уағызға шыққанда онымен қалай қызметтесе аласың?

17 Иса шәкірттерін уағызға екі-екіден жіберді (Мар. 6:7; Лұқа 10:1). Кейін елші Пауыл “[онымен] бірге ізгі хабар үшін иық тіресе күрескен” қызметтестері туралы айтқан (Філіп. 4:3). Осы үлгіге сай 1953 жылы Патшалықты жариялаушылар өзгелерді қызметке дайындау бағдарламасын * бастады.

18 Бауырласпен уағызға шыққанда онымен қалай жақсы қызметтес бола аласың? (Қорынттықтарға 1-хат 3:6—9 оқы). Киелі кітабыңнан серігің қолданып жатқан жазба орындарын ашып тұр. Оның және үй иесінің сөздеріне мұқият бол. Сонда үй иесі қарсы пікір айтқанда әңгімені жалғастырып, серігіңе көмектесе аласың (Уағ. 4:12). Алайда серігіңнің не үй иесінің сөзін бөлуден аулақ бол. Әйтпесе оларды ренжітіп алуың мүмкін. Кейде бір-екі ауыз сөз қосқаның орынды болатын шығар. Бірақ содан кейін серігіңе әңгімені жалғастыруға мүмкіндік бергенің жөн.

19. Біз нені есте ұстауымыз керек және неге?

19 Ал екеуің бір үйден екінші үйге бара жатқанда, бір-біріңе жақсы уағыздаушы болуға қалай көмектесе аласыңдар? Неге бұл уақытта ұсыныстарыңды қалай жақсартуға болатынын талқыламасқа? Аймағымызда тұрып жатқан адамдар туралы жағымсыз нәрселер айтудан аулақ болғанымыз жөн. Сондай-ақ бауырластарымыздың да жаман жақтарын әңгіме қылмайық (Нақ. с. 18:24). Бәріміздің де кемелсіз екенімізді ұмытпағаймыз. Ехоба бізге шексіз мейірім танытып, құнды қызметті тапсырды (Қорынттықтарға 2-хат 4:1, 7 оқы). Ендеше, бәріміз де бізге сеніп тапсырылған бұл қазынаны бағалап, ізгі хабарды уағыздаушы ретіндегі қызметімізді толықтай атқара берейік!

^ абзац 17 “Ехоба куәгерлері Құдай Патшалығын жариялайды” (ор.) кітабының 99, 569, 570-беттерін қара.