қазақ
2024 жылы өткен “Ізгі хабарды жариялаңдар!” атты бірнеше арнайы конгрестің нүктесін Сантьяго (Чили) қойды
https://cms-imgp.jw-cdn.org/img/p/702024223/univ/art/702024223_univ_sqr_xl.jpg

15 ҚАРАША, 2024
ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

2024 жылы өткен “Ізгі хабарды жариялаңдар!” атты бірнеше арнайы конгрестің нүктесін Сантьяго (Чили) қойды

2024 жылы өткен “Ізгі хабарды жариялаңдар!” атты бірнеше арнайы конгрестің нүктесін Сантьяго (Чили) қойды

“Ізгі хабарды жариялаңдар!” атты арнайы конгрестің ең соңғысы Сантьягодағы (Чили) “Эль Треболь” Конгресс сарайында өтті. Қазанның 18—20 аралығында болған осы жиынға 9140 адам қатысты және 59 адам шомылдыру рәсімінен өтті. Бұл — Сантьягода биыл өткен арнайы конгрестің екіншісі әрі жержүзі бойынша маусым — қазан аралығында өткен 15 арнайы конгрестің ең соңғысы.

Бауырластар Сантьягодағы (Чили) Ехоба куәгерлерінің “Эль Треболь” Конгресс сарайында бағдарламаны тыңдап отыр

2024 жылғы Сантьягодағы соңғы арнайы конгресте шомылдыру рәсімінен өткен 59 кісінің бірі

Арнайы конгресс жоспарланған әрбір қалада бауырластар қонақтарды күтіп алуға көп ай әзірлік жасады. Чилиде еріктілер 16 елден келетін 2397 делегатты ыстық құшақпен қарсы алу үшін аянбай тер төкті. Дайындыққа қатыса алу үшін көпшілігі жұмыс кестелері мен жеке істерін икемдеді. Осы орайда бір әйел бауырласымыз: “Мен өзімді бір құрбандықтарға бардым деп есептемеймін. Рас, шаршауын шаршадым, бірақ есесіне ұмытылмас әсер алдым әрі жаңа достар таптым!”— деп бөлісті.

Арнайы конгреске АҚШ-тан келген бауырлас: “Әуежайға келгеніміз сол-ақ екен, бауырластарымыз бізді елден ерекше сүйіспеншілікке бөледі. Мұны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес!”— деді. Ал Перуден келген әйел бауырлас болса: “Бұл — менің ең алғашқы арнайы конгресім. Ол күткенімнен мың есе асып түсті. Осы конгресс арқылы Ехоба менің күш-жігерімді тасытты”,— деп сезімін жеткізді.

“Жұмақта көріскенше!” деп жазылған әріптерді ұстап қонақтармен қоштасып тұрған Чилидегі Бетел отбасы

Баршамыз да Ехобаға 2024 жылы өткен арнайы конгрестер үшін алғыс жаудырамыз. Олар бізге Ехобаның киелі есімін марапаттауға керемет мүмкіндік берді! (Зәбүр 34:3).

Төмендегі 2024 жылғы “Ізгі хабарды жариялаңдар!” деген 15 арнайы конгресте түсірілген суреттерді тамашалап көріңіз. Олар — Құдай халқының арасындағы сүйіспеншіліктің, қуаныш пен бірліктің айқын айғағы.

 

Асунсьон (Парагвай)

Бэ-Мао (Гваделупа)

Будапешт (Венгрия)

Хельсинки (Финляндия)

Лион (Франция)

Филадельфия (АҚШ)

Прага (Чехия)

Рейкьявик (Исландия)

Сантьяго (Чили №1)

Сантьяго (Чили №2)

Санто-Доминго (Доминика Республикасы)

София (Болгария)

Сува (Фиджи)

Тампа (АҚШ)

Цюрих (Швейцария)